Теңіздің «биті» – киті — National Geographic Qazaqstan
.

Теңіздің «биті» – киті

«Табиғат бізден көмек сұрап тұр, – дейді Аша де Вос қазіргі жағдай туралы, – бірақ қол ұшын созуға бізде үнемі мүмкіндік бола бермейді».

Аша де Восты білгің келсе, іске жібер. Ол Шри Ланка көк киттерін зерттеуді бастаған кезде оларды сақтау өзекті мәселе емес еді. Бүгінде оның видео­лары мыңдаған жанашыр жинады, арасында тіпті билік өкілдері де бар.

2003 жылы Вос балықшылар мен зерттеу кемелері бортынан бақылай жүріп, киттердің кемелерден қорқып, шүйгін жерлерге қоныс аудара алмай қалғандығын анықтады.

Теңіз сүтқоректілерін зерттеуші ретінде Шри Ланкада алғашқы Ph.D. ғылыми атағын алған Аша де Вос ақпарат құралдарының назарын осы мәселеге аударып, оған үкіметтің араласуына ықпал етті. Биыл ол теңіз табиғатын сақтау саласында білім беру мен зерттеуге бағытталған Шри Ланкадағы тұңғыш Oceanswell ұйымын құрды.

Авторы: Аша де Вос


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу