.

Арктикадағы мұхит лагері

«Астымыздағы Мұздың қалыңдығы шамамен бір метрдей болды, біз төменде тулап толқындатып жатқан мұхиттың дәл үстінде ұйықтадық» — Джон Голден.

Қыста біз Канаданың «Ауюиттук» ұлттық саябағында тау велосипедімен серуенге шықтық.

Саяхаттан 6 ай бұрын

Дайындық

Мен Канададағы мұзды Арктика мұхитының үстінен тау велосипедімен жүретін экстремалды авантюристтердің тобын суретке түсіретін боламын. Қармен жүру қиынға соғатындықтан ұзақ жаттығуым керек. Сол себепті бірнеше ай бұрын жүгіре бастадым. Арктикада шаршасаң, отырып демала алмайсың. Еш тоқтамауың керек. Мен демеушілеріме үрленетін матраспен, суретке түсірген кезде де кие алатын қолғап алып беруін өтінгенмін.

Саяхаттан 2 апта бұрын

Негізгі қажет заттар

Біздің «Ауюиттуктағы» лагеріміз қай-қай жағынан өркениеттен 80 шақырымдай алыс жатыр. Сондықтан мен ақпан айындағы 2-5 күндік саяхат үшін қажеттінің бәрін аламын.

  • Сигналды шам
  • Серіктік телефон.
  • Макадамия жаңғақтары.
  • Боры алдын ала жағылып қойған тіс ысқыштар.
  • Камера батареялары. Суық олардың қуатын тез тауысады, сондықтан мен оларды өзімен алып жүремін.
  • Екі жиынтық ішкиім.
Саяхаттан 2 күн бұрын

Жолға шығуға дайынбыз

Виргинияда ұшаққа отырған кезде абыр­жығанымды көрсеңіздер… Біз Кикиктариякқа қонған кезде инуит гидіміздің үйіне жүгімізді қайта түгендеу үшін бардық. Топ мүшелері велосипедтерін құрды. Камера кадрына сыйғызу үшін олар мен берген белгі бойынша жүріп отыр­­ды. Сапар басталғанға дейін біз заттарымыз­­ды құрғақ қапқа салып, дайындадық. Қар-көлігіміз мұз астына да түсіп кетуі ғажап емес. Сақтанғанды сақтайды емес пе?! Мен жоспардан ауытқымақ емеспін.

 

 

Мақала және фото авторы: Нина Строчликтің Баяндауымен Джон Голден


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

       

Пікір жазу