.

Бақ құсын ұшырып алма

Наханбасты (Balaeniceps rex). «Осал» топқа жатқызылған бұл құс Шығыс Африканың оңтүстік Судан елінен Замбияға дейін таралған.

Сирек кездесетін құс түрлерін сақтап қалу үшін ерекше байланыс орнатуымыз керек.

Мақаламызды «бастап тұрған» наханбастыға көз салыңыз. Жойылуға шақ қалған құс Дүниежүзілік жоғалып кету қаупі төнген әрі эволюциялық ерекше (Evolutionarily Distinct and Globally Endangered – EDGE) құстар бағдарламасымен қорғалады. 2007 жылы EDGE бастамасын көтергенімдегі ең үлкен қиындық адамдарды аталмыш құстарды қорғау жөнінде міндеттеме қабылдауға көндіру болды. Өйткені олар наханбастылар туралы хабарсыз-тын. Дұрысында, мен табиғатты жарнамалайтын агенттікке барып, адамдар осынау ғажап жаратылысқа жақындау үшін не істеу керектігін сұрауым керек еді. Дегенмен ондай агенттік болмағандықтан, біз өмірлік маңызға ие байланыс жібін өнер мен ғылым арқылы жалғауға бел будық.

Филиппин бүркіті (Pithecophaga jefferyi). Жойылып кету қаупі аса жоғары құс Филиппин аралдарынан Лейте, Лусон, Минданао, Самар аралдарында таралған.

Тим Флак «жоғалып кету қаупі» кітабында жарияланған осы мақаладағы құстарды суретке түсіріп шықты. Оған мен де үлес қостым. Флакт – түсініксіз тіршілік иелерінің болмысын, бір-біріне ұқсастығын объективке сыйғызу ісінің шебері.

Адам үлкен құстардан күшті әсер алады дейсіз бе, әлде түрлі-түстісінен бе? Сәбидікіндей сипаттарынан ба, айталық, көзі үлкендерінен? Құстардың портреттегі бейнесі әсерлірек пе, әлде табиғаттағы кескіні ме? Фотоға қарайтын адам оның мінез-құлқы мен үрейлігімен эмоционалды байланыс құра ала ма?

Мысырлық құмай (Neophron percnopterus). Мына құмай Оңт. Еуропа, Африка, Үндістан мен Непалда таралған. Халық­аралық табиғатты қорғау ұйымы (ХТҚҰ) оны «жойылып кету қаупі аса жоғары» құс деп бағалады. Яғни ол тіршілік статусын анықтайтын тоғыз категорияның ең соңғысында тұр.

Флактың суреттері осы тақырыпта әңгіме өрбітуге түрткі болды. Қазіргі таңда біз «Табиғатты көркейту» гранттық бағдарламасы аясында адамзат пен табиғат арасындағы байланыс­ты арттыру тәсілдерімен бөлісуге National Geographic-ке сарапшыларды тартудамыз. — Джонатан Байли

Кішкентай басқыншы ара тотықұсы (Ara militaris) «Осал» топқа жатқызылған бұл құс Мексикадан бастап, Аргентинаға дейін таралған. Бұл сурет жеке жинақтан алынды.

Жолаушы кептер (Ectopistes migratorius) Солтүстік америкалық бұл құс жойылғанша ауланып, ең соңғысы 1914 жылы өлген. Мына үлгі осы саланың маманы Э.Фюллердің жинағынан алынды.

Адам факторы жоғалу қаупі төнген құстарға кері әсерін тигізуде.

Құстарға залал келтіріп жатқан лас ауаның кем дегенде жартысын адамдар бөліп шығарады. Ең үлкен қауіп күн санап ұлғайып жатқан ауыл мен су шаруашылығынан келуде. Келешекте жаһандық жылыну басты себепшіге айналуы мүмкін.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation