.

«Үйіне» қоқыс тасығандар

Мысықторғай ұясының бір бөлігі плас­тиктен өрілген. Кей құстар мекиендеріне ұнау үшін жылтыраққа әуестенеді.

Италияның Альпі тауларындағы ағаш басында желпілдеген ақ полиэтилен дорбалар Фабрицио Сергионың назарына ілікті. Эколог қоқыстың қай құстың ұясында ілулі тұрғанын біледі. Оның сыры неде?

Көптеген құс өз ұясын дос табу үшін сәндейді. Испания ұлттық зерттеу кеңесінің қызметкері Сергионың айтуынша, қара кезқұйрықтың ұясын сәндеуі «мұнда көруге тұрарлық нәрсе бар» дегенді білдірсе керек.

Құс ұяларының құрылысын зерттеп жүрген Сергио секілді ғалымдар одан адам әсерін іздеумен келеді. «Кей құстар ұясын жылыту үшін табиғи заттардың орнына, темекі тұқылы сияқты жұмсақ нәрселерді қолдана бастаған», – дейді Коста-Рика университетінің ғалымы Луис Сандовал. Бұлай етуі табиғи құрылыс заттары олардың тіршілік ортасынан жойылып кеткендіктен болуы мүмкін. «Адамдар құстардың ұясына тікелей әсер етеді, біз соны дәлелдегіміз келеді», – дейді Сандовал.

Алты жылдық зерттеу барысында Сергио мен оның әріптестері тұмса табиғаттан сан алуан пластик заттар тап­қан. Ғалымдар қара кезқұйрықтар өз ұяларына полиэтиленнен жасалған ақ заттарды жинайтынын, ал табиғаттағы түстермен айтарлықтай өзгешелігі жоқ мөлдір әрі қошқыл түстерді елемейтінін анықтаған.

Сергионың тұжырымынша, қара кезқұйрықтар әлеуметтік басымдығын көрсету үшін осы стильді қолданады.

Авторы: Нина Строчлик

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation