.

Джейсон Де Леон

Жаңа зат та жәдігер бола алады.

Джейсон де Леон мансап жолын қарапайым археолог болып бастаған. Ол Мексиканың мың жыл болмаса да, ғасырлар бойы жасырын жатқан артефактарын қазып шыққан. Алайда тас құралдары туралы диссертациялық жұмысын тамамдауға аз қалғанда Де Леон шекара аспақ болғандардың мүрделерін тауып, жан түршіктірер жайтқа тап болды.

«Техас пен Калифорнияның шектескен белдеуінде ержеткеніммен, көші-қон туралы ештеңе білмейтінімді сонда ұқтым», – дейді Де Леон. Дегенмен ол осынау даулы мәселені терең ұғынуға археология ілімін пайдалануға болар еді деп ойлады.

2000 жылдан бері Сонора шөлін кесіп өтпек болғандардың саны бес миллионға жетіпті. Мәселен, 2009 жылы ол қара пластикалық бөтелкелер тауып ала бастады. Шекара қызметкерлері сақ болғандықтан мигранттар сыртына қасиетті жебеу­шілерінің суреті мен карта сызылған бөтелкелерге көшкен. Бұлар – заңсыз көші-қонға негізделген жаңа индустрия өнімдері.

Де Леон өзінің далалық жұмыс­тарының эклектикалық екенін алға тартады. Кейде соқпақтарды артқа тастаса, келесі күні лашық, пен қауіпсіз жерлерде, сот залында мигранттардан сұхбат алып отыруы мүмкін. Ал кейде тіпті дрон көмегімен адамдардың өлі денелерін іздестіреді екен. «Археология дегеніміз – адамдардың байырғы мінез-құлықтарын олардың қалдырған дүниелері арқылы түсіну, – дейді ол, – көне, міндетті түрде мың жыл бұрынғы дүние болуы шарт емес».

Ол тапқан дүниелер: хат, CD плейер, текилла, арасында Боливиядағы футбол ойынына кіру билеті бар діни кітаптар.

Авторы: Рейчел Хартиган Ши, фото: Дэн Уинтерс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0

Publication author

offline 5 күн

Айбек

0
Comments: 3Publics: 710Registration: 01-10-2016
       

Пікір жазу

Кіру
*
*
Тіркелу
*
*
*
*
Password generation