..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Қанатың талмасын, ҚазСат-2

«KazSat-2» спутнигі 2011 жылғы 16 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды. Екінші қазақстандық байланыс спутнигімен бірге «SES-3» америкалық спутник те ұшырылды. «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны мен «Бриз-М» екпіндеткіш блогы екі спутникті орбитаға шығарды.

4 ай өткеннен кейін, 2011 жылғы 25 қарашада «KazSat-2» «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқаруына өтті және сол жылғы желтоқсанда оны коммерциялық мақсатта пайдалану басталды.

Қазақстан Республикасының спутниктік байланыс жүйесінің ғарыштық сегментін дамыту мақсатында 2006 жылғы қазан айында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» арасында спутник жасау туралы шартқа қол қойылған болатын.

«KazSat-2» ғарыш аппаратын жасау кезінде қазіргі заманғы техникалық шешімдер пайдаланылды, ғарыш аппаратының берілген сипаттамалары мен қажетті сенімділік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін борттық жүйелерді жаңғырту жүргізілді.

«KazSat-2» ғарыш аппараты Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің және Ресейдің орталық бөлігінің аумағында «KazSat» спутниктік байланысы жүйесінде телевизиялық хабар тарату мен деректер беруді, сондай-ақ спутниктік байланыстың қазақстандық операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге арналған.

Республикалық ғарыштық байланыс орталығы

Еліміздің ғарыштық әлеуетін арттыру міндеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелген. Біз бүгін осы министрлік құрамындағы көптеген комитет, кеңес, департаменттердің ішіндегі ерекше біріне тоқталғымыз келеді. Ол – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы. Ол бүгінде Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы байланыс мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыратын жетекші кәсіпорындардың бірінен саналады. Орталық мамандары еліміз бен жақын шетелдер аумағына спутниктік байланыс пен телевизиялық хабар тарату бойынша кешенді жұмыс атқарып, алғашқы қазақстандық орбиталық спутниктік жүйе құруды мақсат етеді.

Мекеменің өзі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1355 қаулысына сәйкес 2004 жылғы 18 наурызда құрылған болатын.

«Байланыс саласындағы мол тәжірибеміз, білікті қызметкерлер құрамы мен заманауи техникалық шешімдер тұтынушыларымызға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», – дейді білікті маман, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Бауыржан Құдабаев.

РҒБО-ның негізгі міндеті – «KazSat» ұлттық ғарыштық байланыс жү­йесінің құрамдас бөлігі болып табылатын «Ақкөл» жерден басқару кешені, «Көктерек» резервтік жерден басқару кешені, «KazSat-2» ғарыш аппараты, «KazSat-3» ғарыш аппараттарының жұмысын үйлестіру.

«KazSat-3» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигі.

2011 жылғы 20 маусымда Спутниктік байланыс жүйесін одан әрі дамыту мақсатында «KazSat-3» үшінші байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау туралы шешім қабылданды. Шешімге сәйкес «Le Bourget 2011» авиасалонының барысында Париж (Франция) «Республикалық ғарыштық басқару орталығы» мен «Академик М.Ф.Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» кәсіпорны арасында «KazSat-3» спутнигін жасау мен ұшыру шартына қол қойылды.

Спутник 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды. «KazSat-3» ғарыш аппараты Қазақстан Республикасының, Орталық Азия елдерінің және Ресейдің орталық бөлігінің аумағында «KazSat» спутниктік байланысы жүйесінде телевизиялық хабарлар таратуды және деректер беруді, сондай-ақ спутниктік байланыстың қазақстандық операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге арналған. Мақсаты – телекоммуникациялық қызметтер (DTH, байланыс, хабар тарату, деректер беру, бейнеконференц байланыс және басқалары).

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation