"/>
ТУМА ТҮЙСІКТЕР

Есі кеткен қызыл панда

Мына қызыл пандаВирджиния зообағында суретке түсірілген.

Аталығының аты – Сундар, ал ұрғашысы – Хуси. Жаңазеландиялық «айттырушылар» оларды Веллингтон зообағындағы қызыл пандалардың табиғи ортасында жолықтырған. Көздегендері – тұқым көбейту.

Тұқымдастыру жобасы – жоғалып кету қаупіндегі жануарларды көбейту, олардың генетикалық түрлілігін арттырып, оларды бір-бірімен жұптастыруға арналған. «2015 жылы Сундар мен Хуси өзге бақтан Веллингтон зообағына әкелінгенде бір-бірімен «өте жақсы тіл табысатын», – дейді екеуінің жаңа қожайыны Максин Дженкинс. Десе де, қызыл пандамен жұптасу өте қиын, өйткені олардың ұрғашылары жылына бір рет қана қозады әрі ол небәрі бір тәулікке созылады.

2017 жылдың шілдесінде қызметкерлер Сундардың Хусиге ерекше ілтипат танытып, қатты дыбыстар шығарып жүргенін байқайды. Ол Хусиді ағаштан жерге итеріп түсіріп, бірнеше сағат бойы ізінен қалмай аңдиды. Бірнеше айдан соң Хуси салмақ қосып, ұясына ағаш пен жапырақтар жинап жүреді. Осылайша – Нима, яғни «аспандағы күн» деген қонжық дүниеге келеді.

Таралу аумағы

Қызыл не кішкентай панда, отты түлкі атымен белгілі Ailurus fulgens Қытай, Бутан, Үндістан, Мьяньма мен Непалда кездеседі. Жайлы ортасы: көлбеу тау бөктері, орташа орман мен аласа бамбукты бұталар (оның басты азығы).

Қорғалу дәрежесі

Шаруашылық кесірінен жоғалып кету қаупі төніп тұр. Табиғатта 2500-10000 шақтысы ғана қалған. Үйде асырауға болатындықтан, көптеп ауланады. Малдан тарайтын ауруларға осал.

Басқа деректер

Бутанның тұрғындары қызыл пандалардың будда монахтарының реинкарнацияланған тәндері екеніне сенеді, сондықтан қызыл панданы кездестіруді жақсы ырымға балайды.

Авторы: Патрисия Эдмондс, фото: Джоель Сартор


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation