ЗЕРТТЕУ

Жаңа заман гүлдері

Coreopsis tinctoria – солтүстік Америкаға тән өсімдік. Ол ультракүлгін сәуленің астында суретке түсірілгенде жалтырайды.

Ультракүлгін сәулеге жүгіну әдісі қарапайым өсімдіктердің жасырын, түрлі-түсті, тіпті жарқын аттрибуттарын паш етеді.

Алдымен Грейг Берроуз бір гүлді таңдап алады. Ол парк пен жолдың жарығын мұқият аралап, қажетті гүлді іздейді. Талаптарды қанағаттандыратын «құрылысы» толық, текстурасы ауқымды «үміткер» табылған кезде оны үйіне алып келеді. Егер үлгі табылмаса, оны өзінің бақшасында өсіреді.

Myrtus communis гүлінің жанынан сіз байқамай өте шығуыңыз мүмкін. Оның ақ гүлдеріндегі тозаң реңі ультракүлгін сәуле түскен кезде ерекше түрленіп шығады.

Берроуз Лос-Анжелес жанындағы түрлі гүл өсетін басты ауданда тұрады. 2014 жылдан бері ол гүлдерді ультракүлгін көрінетін флуоресценция (УККФ) әдісі бойынша фотоға түсіріп келеді. Осы сәуле арқылы гүл түсі құбылып, қарапайым түстер түрленіп, өзге әлемге тән бейне шығады. Флуоресценциясы ең ерекше гүлдер: дәстүргүл мен күнбағыс. Олар сәуле түскенде, ашық түске еніп, жылтырайды. Көптеген гүл кәдуілгі жарықта көрсеткен сұлулықтарынан мүлде басқа ғажайыпты паш етеді.

Monarda тұқымдасының кейбір түрлі-түсті гүлдері «ара бальзамы» не «бергамот» деген атымен белгілі. Ультракүлгін сәуленің астында гүл үстіндегі тозаң электрленген кемпірқосақтай көрінеді.

УККФ процесі тастай дерлік қараңғылық пен гүлдің мүлде қозғалыссыз тұруын қажет етеді. Гүлдер ешқайда қашып кетпейді, бірақ 20 секунд ультракүлгін сәуленің астында тұрған соң олар солып не жабылып қалуы мүмкін. Әр суретке түсірген сайын Берроуз демін ішіне тартып тұрады, өйткені қате дем алып, ауада тозаң қозғалатын болса, сурет бұлдыр­лап кетуі немесе кедергі келтіретін бөлшектер пайда болуы мүмкін. Бұл өнертабыстың нәтижесінде, жалтырақтармен безендірілген ботаникалық портреттер топтамасын аламыз.

Ал Pyrus calleryana-ның аппақ гүлдері күлгін болып көрінеді. Қалыпты жағдайда адамдар жалпы түстерді көреді (мысалы, шөп жасылдан өзге барлық азырақ түс жұтып қояды). Флуоресценция – бір толқын ұзындығының өзге ұзындық­тағы радиа­цияны жұтып қоятын жарық шығарындысы. Сол себепті гүл тек ультракүлгін сәуле түскенде ғана бұл түстерге енеді.

«Мен көз алдымыздағы дүниелердің бұрын-соңды байқалмаған тұстарын көрсетемін», – дейді Берроуз. Оның айтуынша, ашық көріністер ең қызықты дүниелерді тұмшалап тұрады екен.

Ақ гүлді мәрмәр каланхое (сол жақта) Берроуздың студиясында алқызыл түске айналады.

Авторы: Даниель Стоун, Фото: Грейг Берроуз


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз