ЗЕРТТЕУ

Сахна құстары

Түр-тұрпаты ерекше құстың билеген қимылы ғалымдарды қайран қалдырды.

Ормандағы құлаған ағаш жай ғана ерекше көрінуі мүмкін, бірақ кейбір жұмақ құстары үшін (торғайтәрізділер отрядының бір тұқымдасы) бұл – жұп іздейтін мекен өзін көрсетуге арналған сахна. «Корнельдің жұмақ құстары» жобасын жүзеге асыратын Эдвин Скоулз пен National Geographic фотографы әрі биолог Тим Ламан Жаңа Гвинеяның Арфак тауларында зерттеу жұмыстарымен жүргенде көлденең жатқан бөренені көреді. Олар құстардың бір-біріне деген ерекше ықыласын аңдымақ болып, бөрененің ішіне камера орнатады. «Камераға түсіп қалған қанатты басқа құстардан ерекшеленетін, – дейді Скоулз. – Оның қауырсындары жарты ай тәрізді үлпілдеп тұрды, ал қимылдары, құдды денеңнің тек беліңнен төменгі жағы латын биін билеп тұрғандай, тіптен өзгеше еді. Бұл олардың генетикалық түрлену туралы жаңалықтарын растады.

Авторы: Нина Строчлик


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз