.

Таза ауа қай жерде тапшы?

Ауаның ластануынан жылына жеті миллион адам көз жұмады. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 108 елдің 4300 қаласының ауа сапасына талдау жасап, оны ластайтын ең негізгі екі факторды анықтады: көлік шығарындыларын «салақ» басқару стандарты мен отпен тамақ пісіру тәсілі екенін анықтады.

Көмір және керосинмен ас дайындайтын табысы төмен не орташа елдерде өлім деңгейі жоғары. Жүрек ауруы, өкпе обыры мен басқа да індетке шалдығатындар әлдеқайда көп.

Қала халқының артуы мәселені тіптен ушықтырып жіберді. Әлемнің көптеген алып шаһарында ауа құрамы ДДСҰ белгілеген межеден бес есе жоғары. Алайда ұйым Үндістан мен Мексика секілді таза энергия бастамасын және көліктерге қаталдау стандарттар енгізуді қолдап отыр­ған елдерден көп үміт күтеді.

ЕКІ МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ЕЛДЕР; КЕЙ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДЕРГЕ ҒАНА ҚОЛЖЕТІМДІ АҚПАРАТ; *орташа концентрациясы (мкг/м³). ДИАМЕТРІ 2,5 МИКРОННАН АЗ (PM2.5) МАЙДА БӨЛШЕКТЕРДІҢ ОРТАША ШОҒЫРЛАНУ КӨРСЕТКІШІ (ΜG/М3). NG ЖУРНАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ. ДЕРЕККӨЗДЕР: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ; ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК.

Авторы: Моника Серрано мен Шон Макнотон


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
       

Пікір жазу

Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз