САЯХАТ

Дара патшалық

Вермонттықтар «Солтүстік патшалық» деп атайтын мекенді жоба барысында суретке түсіріп жүріп, Стефан Лавуа мына жолды жиі пайдаланған. Бір қызығы, ол жол бойынан адамдарға қарағанда бұғыларды көбірек кездестірген екен.

Вермонттың бұл патшалығы бірегей жолдары және тұрғындарымен ерекшеленеді.

Вермонттың солтүстік-шығыс патшалығында қалыптасқан бір дәстүр бар. Егер сіз әлдекімнің шалғай тұрған үйіне келсеңіз, көліктен түспес бұрын сигнал беріп, иттердің сіздің ниетіңіздің дұрыс­тығын түсінгенінше күтесіз. Ойлап қарасаң, жаман әдет те емес.

Жергілікті халық бұл маңды жай ғана «патшалық» деп атайды. Бұл жердің толық атауын 1940 жылы әлдебір саясаткер қойып кеткен. Қалай аталса да, мекен ерекше атқа әбден лайық. Түрлілігі, арагідік қолайсыздығы мен ой еркіндігіне ашықтығымен аты шыққан бұл патшалықтың орны бөлек.

Табиғаттанушы, кинорежиссер, автор әрі мұғалім Уильям Эдди туралы Лавуа: «Ол – менің қиялым мен патшалықтағы шындықтың арасын жалғаушы», – деп айтқан. Лавуа өз үйінде 88 жаста қайтыс болды.

Ол штаттың солтүстік-шығысында шамамен 5180 шақ² жерді алып жатыр. Оның құрамында үш округ бар, ал тұрғындарының саны 64 мыңға да жетпейді. Жерінің 80%-ы – ормандар. Біраз жағынан Вермонттың өзге өңірінен ерекшеленетін, қол созсаң аспанға жетердей әсер қалдыратын, байырғы тектоникалық коллажы мен мұзды беткейлері бар бұл Патшалық геологиялық құрылысы жағынан Канадаға көбірек келеді.

Осынау суық өңірде, заңның күшіне қарағанда, адамдардың ар-намысы маңыздырақ. Аймақтың жері – қатты, ал климаты – қатал. Бірақ халқы адал. Осыған риза болғандар Патшалықты таңдайды.

Қазір Бриттаниде тұрып жатқан француз Стефан Лавуа мұнда достарына қонаққа келіп, оны өзінің зерттеу жобасына айналдырды. Ол суретке түсірген адамдардың түрінен Патшалыққа ғана тән құпия өзгешелікке шомған байырғы тектілікті байқайсыз.

Жазушы Арчер Мэйор бұл патшалықты: «Оғаш жандар шипажайы», – деп атайды. Оның музейлерінің бірі – күнделікті тұрмыстық тауарларды ұсынса, тағы бірі – жабайы тіршілік әлемін паш етеді.

Олар – прагматиктер. Олар сатып ала алмайтын дүниелерін өздері жасап алады.

Редактор менен: «Күнделікті өмір музейінің ішінде не болатынын білдің бе?», – деп сұрағанда, мен білмейтінімді, бірақ егер оның іші бос болып шықса, таңғалмас едім деп әзілдегенім бар. Кейінірек, оның коллекциясы атына заты сай, түйреуіштен бастап, шырпыға дейінгінің бәрін паш ететін музей екеніне көзім жетті.

«Қиялымдағы патшалықта мен кей тұрғындарға қызықты есімдер бердім», – дейді Лавуа. Дәстүрлі қасап­шылықтың қас шебері әрі садақтың тілін жетік меңгерген Джози Анн Монро оның «Ханшайымына» айналды.

Дегенмен музей, Патшалықтың мақтаулы кірпияздығына ілесе алмайтыны анық. Мұнда тұратындар қалталы болмаса да, иронияны қатырады. — Арчер Мэйор

Жесір зейнеткер Эмелия Ларами Лавуаға Солтүстік патшалықтың тұрғыны екенін айтыпты. Ол ағаш жарып, оны үйін жылыту мен ас дайындау үшін пайдаланатындықтан «Бөрене ханым» атанып кеткен.

Вермонттың нағыз тұрғыны Арчер Мэйор – мемлекеттік бас медициналық сараптама кеңсесінің мәйіттерді зерттеуші қызметкері. Ол – Вермонт детективі Джо Гюнтерді басты кейіпкер етіп бірнеше қылмыстық роман жазған, көптеген марапатқа ие болған жазушы.

Фото: Стефан Лавуа


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз