.

Дельфиндердің сиқырлы тілі

Ерекше «ысқырық-визиткалар» қарым-қатынасты анықтауға көмектеседі.

Аң-құстың ортақ ортада бірдей дыбыс шығаруы – заңды құбылыс. Жылдар бойы ғалымдар дельфиндер жайлы да осылай ойлап келді. Алайда батыс Аустралия университетінің биологі Стефани Кинг Шарк шығанағындағы афалиндердің дауысын жазуға біраз уақытын арнап, дельфиндердің жақындары арасында өзіндік ысқырық шығаратындарын анықтады. «Бұл дыбыс дельфиндерге достарының кім екенін, достарының достары кім екенін анықтауға көмектеседі», – дейді Кинг. Бұл жазбаны қолданып, Кинг еркек дельфиндердің өзгелермен қалай қарым-қатынасқа түсетінін әрі оны қалай сақтап қалатынын анықтамақ. «Таңғаларлығы адам мен дельфин шын мәнінде бір-біріне ұқсайды», – дейді ол.

Авторы: Нина Строчлик


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
       

Пікір жазу

Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз