ЗЕРТТЕУ

Махаббаттың түсі қызыл екен

Мына үш маймылдың қайсысы жеңілтек деп ойлайсыз?

Бұл сұраққа сіз Macaca mulatta не Кэмбридж университетінің эволюция биологі Констанс Дубук болсаңыз, оңай жауап берер едіңіз.

2012 жылдан бері Дубук пен оның Нью Йорк университетіндегі әріптес­тері Кариб жазығындағы бұл макаканың 250-ден астамын зерттеген. Мақсат – бет-әлпетінің ашық алқызылдан қою қызылға өзгеруі оның ұрпақ жалғастыруына қаншалықты әсер ететінін анықтау болатын.

Тартымдылыққа түстің әсерін анықтау үшін Дубук жануарға реңі әртүрлі бет-әлпеттерді көрсетеді. Түс­тер ақшылдан қою қызыл реңге дейін өзгертілді. Ол зерттелген маймылдардың жанарына қарап, қою қызыл түстің аналықтарының басым көпшілігі мен біраз аталықтарына да ұнайтынын анықтады. «Адамдарда да дәл солай, – дейді ол, – егер өзіңізге тартымды біреуді көрсеңіз, назарыңыз соған ауады емес пе?».

Ғалымдар, сондай-ақ маймыл жүзінің түр-түсі оның қарсы жыныстың қызығушылық танытуына қалай әсер ететінін байқап көрді. Нәтижесінде, жүзі солғын аталыққа қарағанда, жүзі қою қызылға ұрғашылар тарапынан көбірек «ұсыныс түсетіні» анықталды.

Ұрпақ жалғастыру жағынан да қою қызыл жүзді ұрғашылар қалғандарын басып озады екен. «Алайда тек қызылшырайлы болу ғана жеткіліксіз, – дейді Дубук, – сонымен қатар топқа «сөзі жүргендердің» мысы басым».


РЕЗУС МАКАКАСЫ

Таралу аймағы/қорғау статусы: Бұл тіршілік иелерінің таралу аймағы кең, саны көп. Олар, әсіресе, Азияда көптеп кездеседі.

Өзге деректер: Құстардың да бірқатары қарсы жынысқа тартымды реңкте көрінуге тырысады емес пе?! Макак-резус та – сондай сүтқоректілердің бірі.

Авторы: Патрисиа Эдмондс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз