САЯХАТ

Кит аулау маусымы

Умиак – былғары қайық мінген шағын топ кит жүрген аумаққа бара жатыр.

Алясканың жергілікті инупиат халқы көшіп келетін киттерді мұз үстінде апталап күтеді.

Норт-Слоуптағы инупиат қауымы кит аулауды өздерінің ата кәсібі санайды. Көктем айларында еркегі мен әйелі бар – түгелідей «тувақ» деп аталатын жағалауда Беринг теңізінен Канадалық Арктикаға жүзіп келетін поляр киттерін апталап күтеді. Біреуінің төбесі көрінсе болды умиак қайығы суға тасталады. Әдетте, олардың китті гарпундауға бір ғана мүмкіндігі болады. Егер аңшылық сәтті өтсе, әр отбасы еттен өз үлесін алады.

Ауланған поляр китінен мыңдаған кило ет алынады. Сәтті аңшылықтың пайдасын нанай қауымдастығының әрбір мүшесі көруі үшін кит жіліктеліп, еті мен сұйық майы теңдей үлестіріледі. «Бұл жақтағы мансаптың шыңы – кит аулау тобының капитаны болу, – дейді фотограф Килии Юян, – бұл – бір ауылды асырап отырған тірлік».

Дәстүр сабақтастығының бұл оқиғасы жергілікті фотограф Килии Юянді тәнті етті. Ол байырғы нанай аңшыларының, Оңтүстік-шығыс Сібір мен Солтүстік Қытай балықшыларының ұрпағы болып табылады. «Жергілікті халықты мешеу немесе бейшара етіп баяндайтындар бұл қоғамның күрделілігін назардан тыс қалдырып алатын көрінеді. Олардың үміті мен қуанышын көзбен көру үшін солармен бірге болуыңыз керек», – дейді Юян.

Поляр киттері суық суға әбден бейімделген. Чукот пен Бофорт теңіздері арқылы жыл сайынғы миграциясы кезінде аңшылар олардың қалыңдығы жарты метрлік мұзды жарып, тыныс алғанын байқаған.

Бес жылдың ішінде Юян 10 ай бойы Уткиагвиктегі инупиат қауымымен өмір сүрді. Осы киттер үшін ол өзгелерден қалмай мұз үстінде тігілген шатырда түнеп, тіпті түнгі кезекке сұранатын. Алып қарасы көрінгенде бақылаушы белгі беріп, топ мүшелерін іске кірісуге шақырады. «Кит жақындағанын бірден білесіз, – дейді ол, – олар туп-тура әнші секілді ән салады».

Аңшы жақын маңдағы киттердің «әнін» есту үшін суға құлақ түруде.

Авторы: Даниэль Стоун, фото: Килии Юян


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз