.

Арбап алар жалмауыз

Нәпсісі қозған Latrodectus geometricus өрмекшісі неге жас аналықты іздемейді? Егделеріне қарағанда жастаулары фертильді келеді әрі олардың «көңілін табумен» көп әуреге салынбай-ақ тез дегеніңе жетуге болады. Ең бастысы, аман қалудың мүмкіндігі зор. Өйткені жастары кекселері сияқты жақындықты каннибализммен аяқтамайды («жесір өрмекші» атауы осыдан шыққан).

Барлық артықшылығын ескере отырып, Израильдегі зерттеу тобы L.geometricus аталығы жас аналықты таңдайды деп күткен болатын. Мұны тексеру үшін ғалымдар аталық өрмекшілерді әртүрлі жастағы ұрғашылардың ортасына тастай салды. Зерттеу нәтижесі Animal Behaviour журналында жарияланды.

Егде аналықпен шағылысу үшін аталық өрмекші қызу бәсекеге түсіп, алты сағат бойына оның көңілін табуы керек. Ақыр аяғында оның қос жыныс мүшесінің бірі жұбының қос саңылауының бірінен табылады. Осы сәтте аналығы аталықты тірідей жей бастайды. Егер ол тірі қалса һәм мертігіп қалмаса, бағын қайта сынап көре алады.

Зерттеу барысында, әртүрлі жастағы аналықтарымен бетпе-бет келгенде аталық өрмекшілер жастауларының жартысымен ғана, ал егделерінің түгелімен шағылысқаны байқалды. Жастарына «тиіскендердің» ешқайсысы каннибализмге ұшырамаған, ал егделердің «қолынан» жартысынан көбі мерт болды. «Біз жас өрмекшілердің жасамыстарымен қатынасқа түсіп, «суицидке» бас тігуінің себебін түсіне алмай қойдық», – дейді зерттеу авторларының бірі Шеви Уанер. Бір теория бойынша, кемелденген ұрғашылар анағұрлым күшті жыныс феромондарын бөлу арқылы фертильдігі мен қартаң жасы секілді кемшіліктің орнын химиялық жолмен толтырады.

Авторы: Патрисия Эдмондс пен Кэти Уоткинс


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
       

Пікір жазу

Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз