.

Алға, жастар!

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жастар саны 2018 жылы 3 900 834 адам болды. Бұл халықтың 21,5 пайызына тең көрсеткіш. Түсініктірек болу үшін айта кетейік, жастар деген категорияға 14 бен 29 жас аралығындағылар жатады. Төмендегі кестеде ресми мәліметтер бойынша, соңғы үш жыл көлеміндегі еліміз жастарының жалпы саны көрсетілген.

2016 жыл – 4 097 900

2017 жыл – 3 994 393

2018 жыл – 3 900 834

Бұл кестеден байқап отырғандарыңыздай, елімізде жастар саны күрт азайып кеткен. Неге? Оның қандай себептері мен түйткілдері бар? Бұл шын мәнінде терең ойланарлық жайт.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері бұл шешімнің терең астары бар және өте дұрыс қабылданған деп санайды. Әр жылдары дүниеге келіп, бірде баяу, бірде қарқынды жүзеге асып келе жатқан «Серпін», «Жас сарбаз», «Дипломмен – ауылға», «Мәңгілік ел ­жастары – индустрияға», «Жасыл ел», т.б. жобалар қалай жүріп жатыр? Осы және басқа да түйткілді сұрақтар жөнінде журналы­­­­мыздың алдағы сандарында толығырақ жазбақпыз.

Фото: Дмитрий Ругис

0
       

Пікір жазу

Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз