ЖАҢАЛЫҚТАР

Болортсетсег Минджин

Динозавр қалдықтарын үйінде сақтайтын жан.

Гоби шөлінде динозавр қалдықтары жетіп-артылады. Ғалымдар осынау моңғол шөлінен динозаврдың 76 түрін анықтаған. Олардың жетіден бірі ғана ғылымға белгілі. Мұндай қазынаның бар екенін моңғолдың бәрі біле бермейді. «Тұнып тұрған білім көзінен айырылудамыз», – дейді палеонтолог Болортсетсег Минджин.

Моңғолияның ең алғашқы палеонтологтарының бірі – Минджин Чулуун қолында магистр дипломы болса да, алғашқы археологиялық қазба жұмысына өзінің әкесімен аспаз ретінде қатысқан. Ол қалдықтарды зерттеуде табысты болғаны сонша, Америка табиғи тарих музейі мен Нью Йорк университетінің біріккен Ph.D бағдарламасына шақырту алған.

Дипломын қорғап шыққаннан кейін ол ғалымдардың бағасын білмейтін ортаға оралғысы жоқ. Ол қандас әріптестерін жан-жақты қолдау үшін Моңғол динозаврларын зерттеу институтының негізін қалады. Енді табиғи мұраларды зерттеп, оларды қорғауға жол ашық. Аты дардай институт басында еленбегенімен, қазір оның көшпелі динозаврлар көрмесін бүкіл ел тамашалап жүр. National Geographic қоғамының зерттеу­шісі Болортсетсег қазіргі таңда жеті тұрақты музей ашуға барын салуда. Олардың әрқайсысы қалдықтар табылған аймақта орналасады. «Қалдықтарды елде қалдыру бізге құнды мәліметтерді қайтарғанмен бірдей», – дейді ғылыми тұрғыда аса маңызды 30 қаңқаны елге қайтаруға көмектескен Минджин.

Авторы: Рейчел Хартиган Ши, фото: Ребекка Хейл


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз