ЗЕРТТЕУ

Болашақтың тамағы қандай болмақ?

Жәндік, арамшөп пен қаны сорғалаған вегетариандық бургер.

Адамзат саны күн санап өсіп келеді. ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлем халқының саны 9 миллиардтан асқанда, адамдардың азық-түлікке деген сұранысы қазіргіден 50%-ға дейін артпақ. Бұл сұраныс­ты климаттың өзгеруіне әсер етіп жатқан ағаштарды отау, индустриалды ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттырмай қалай қанағаттандырамыз? Өнімнің бітік шығуы үшін топырағымыздың құнарлылығын қалай сақтап қала аламыз?

Шегіртке! Олар чипсы, энергетикалық батончик пен өзге де өңделген тағамдардың құрамында бар.

Жәндік десе ат-тонын ала қашатын жан болсаңыз, таяқшадағы тарантулды смузиге алмастырып көріңіз. «Біз етті құрттармен алмастырғалы жатқанымыз жоқ», – дейді «Жеуге жарамды жәндіктер» мен «Адамзат эволюциясы» кітаптарының авторы Джули Лесник. Құрт-құмырсқа мал қорегінің құрамына не біз білетін кепкен картоп, протеин батончиктері мен смузи ұнтағы секілді өңделген тағамдарға қосылуы мүмкін.

Бұл – жауабы күрделі сауалдар. «Бір нәрсе анық, – дейді болашақ тағамдар тақырыбын зерттеп жүрген Mold журналының редакторы Лин И Юань, – тоғыз миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барынша көп адамның көмегі қажет».

Табиғаттың өзгеруі кесірінен үлкен көлемде үй малын өсіру өз-өзін ақтамаған сайын ақуызға (протеин) қол жеткізу үшін көбі тығырықтан шығудың жаңа жолдарын іздей бастайды. Бүкіл тіршілік бөліп шығаратын көмірқышқыл газының шамамен жетіден бірі – төрт түлік малға тиесілі. Шоғырландырылған қоректендіру әдісімен өсірілетін сиыр әдеттегіден сегіз есе көп су, көкөніс пен дақылдар секілді әр калория­­ға шаққанда 160 есе көп жерді қажет етеді. БҰҰ-ның сиыр етін азырақ жеуге шақырып жүргені таңғаларлық жайт емес. Жаңа азық-түлік компаниялары бұл үндеуді орындауға білек сыбана кіріскен.

Солардың арасында Beyond Burger гамбургерін да­­йындайтын компания да бар. Бұл – сиыр етіне ұқсайтын қызылша мен протеинді асбұршақтан жасалған бәліш. Оның ең жақын бақталасы қаны сорғалап тұрғандай әсер қалдыратын зертханада жасалған өсімдік негізді «гем» протеині.

Басқа компаниялар мал етін мүлде қажетсінбейтін ет өндірісін индустрияландыруда. «Сырттан қарағанда ол сыра қайнату зауытына ұқсайды, – дейді индус­триалды топ Good Food институтының атқарушы директоры Брюс Фридрих. – Сыраны түтікше арқылы сүзгендей, тартылған ет те солай сүзіледі».

Қаны сорғалаған вегги бургері құрамында не бар?

Impossible Burger бидай, картоп протеиндері, кокос майы мен оған түр беретін қаны сорғалаған ашытқыдан алынған гемнен жасалған. Индустриалдық көлемде мал асыраудың қоршаған ортаға зиянын ескерген компаниялар проблеманың жалпы етте емес, ірі мал етінде екенін айтады. «Біз ет ойлап тауып жатырмыз деуге әбден болады, – дейді «Мүмкін емес тағамдар» желісінің өкілі Джессика Аппельгрен, – біз етті ет ететін не екенін молекулярлық деңгейде зерттеп, оны өсімдіктер тұқымдасынан алуға әрекет жасап жатырмыз».

Бұл мақала – «Болашақ тағамдары» атты серия­лық зерттеудің бір бөлігі. Бастаманы қаржыландырушы – Land O’Lakes, Inc.


Сонымен қатар АҚШ нарығындағы жеуге жарамды жәндіктер протеинге бай мал азығы немесе өңделген астың ингредиенті ретінде көбірек кездесе бастаған. Қоршаған ортаға пайдасы тұрғысынан шырылдауық шегірткенің тартымдылығы айтпаса да түсінікті. Әр килограмына шаққанда оның құрамында протеин мен микроқоректік заттары, сиыр етіне қарағанда, молырақ. Олар қараңғы әрі халық тығыз қоныстанған жағдайда өмір сүре беретіндіктен, шағын жерден зауыт көлеміндегі өнім шығаруға болады. Техастың Остин қаласында АҚШ-тағы ең ірі шегірткеден қорек жасайтын ферма бар. Ферманың тасын өрге домалатқан – пісірілген тағамдарға, энергетикалық шоколадтарға, смузиге қосылатын шегіртке ұнтағы.

Жерге пайдалы бозғылт эль

Ас шығару компаниялары майдың да жаңа түрлерін іздеп жатыр. Индустрия ғалымдары немістің талшын ағашының шайырынан балдырларды жинап, одан қоректік заттары молырақ май алу үшін инженерлік өңдеу жүргізді және алты қабаттық ашыту ыдысында оны Бразилияның қант құрағымен қанықтырды. Сығылған балдырдан ашық түсті, иіссіз моно-қанықпаған ас майын алып, оны Thrive деген атаумен сатылымға шығаруда. Ондағы мақсат – қоршаған орта мен қоғам үшін орны толмас шығын болған пальма майына эффективті балама табу.

Көп мәселеге табиғаттың өзі шешім бола алады. АҚШ зерттеушілері әр жылы егіліп, топырақтың құнарлылығын жоятын әрі эрозияға ұшырататын тыңайт­қыштарды көптеп қажет ететін бір жылдық бидай мен жүгеріні алмастыра алатын көпжылдық астықты 1980 жылдан бері іздеп келеді. 2000 жылдары Канзас­тағы ауыл шаруашылығын зерттеу тобына мүше Жер институтының қызметкерлері сұрпы жақсы, көлемі ірі, ауруға төтеп беретін егін алу үшін аралық бидайшөп өсіре бастады.

Силикон алқабы біздің тамақтану әдетімізді өзгертеді


1980 жылдары ауыл шаруашылығын зерттеуші ғалымдар жер өңдеудің салдарына алаңдай бастағанда, бірден ықтимал шешім ретінде жылдық дақыл отырғызып, кейде жем ретінде жыл он екі ай өсірілетін Kernza аралық бидай шөбін ұсынды. Тамыры 3 метрге дейін баратын, алты жыл бойы үзбей жеміс беретін Kernza коммерциялық деңгейге тез көтеріліп келеді.


Бүгінгі таңда, Kernza деп аталатын дақыл АҚШ-тың 200 гектар алқабына егілді. Әртүрлі тамақ өндірушілері оны нарыққа дайындау үстінде. Әмбебап дақыл ауыл шаруашылығына серпін береді деген де үміт жоқ емес.

«50 жылдан соң тағамдарымыздың түрі қандай болса да, жаһандық жылыну қолда барды тиімді пайдалануымызға түрткі болады, – дейді дүниежүзілік тағамтану маманы Радж Патель, – ХХІ ғасырда арамшөп пен зиянкестердің азыққа айнала алатынына адамдардың көздері жетті».

Балдыр майы: пальма майын алмастырушы

Аспаздардың айтуынша, егістік қышатүс өсімдігінен алынған балдыр майын, басқа майларға қарағанда, тұрақтырақ етіп өндіруге болады. Пальма майын өндіру кезінде ормандардың кесілуі мен жұмысшылар тарапына қиянатқа жол берілген. Бір гектар тұрақты қант құрағынан балдыр 3-4 метрикалық тонна моноқанықпаған иіссіз май бере алады. Балдыр майы мен сарымай шығаратын даниялық Corbion компаниясының өкілі Марк Брукстың айтуынша, көптеген компания жартылай сутектендірілген май секілді «химиялық» ингредиенттерден қашады. «Этикеткада бұл жазуды көргіңіз келмесе, орнына балдыр майын қолдансаңыз болады».


Жоғарғы технологиялық өндірісті меңгерген жұмысшылар негізін салған Soylent-тің тұсаукесері 2013 жылы өте сәтті шықты. Дәстүрлі тағамды ығыс­тыру мақсатымен өнім құнарлы, құрамында қажеттінің бәрі бар, табиғатқа еш зиянсыз. Алайда 2016 жылы компания батончигі мен ұнтағын қайтарып алуына тура келді. Өйткені өнімді тұтынған көп адам құсып, іші өткен. Дегенмен тағам танымалдығын жоғалтпады.


Автор: Трэйси Макмиллан, Фото: Грант Корнетi

Трейси Макмиллан – «Америкалық тамақтану әдебі» кітабының авторы. Грант Корнет – натюрморт саласына маманданған фотограф.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз