"/>
ЗЕРТТЕУ

Стив Рамирез

Естеліктеріңізді ақтара алатын нейроғалым Стив Рамирез колледжде оқып жүрген кезінде қызықпаған сабағы қалмады. Ол пианинодан бастап, астрономияға дейін сабақтың түгелін жақсы көрді. Бұл оның таңдау жасау мүмкіндігін қиындатқанымен ол мынадай «қулыққа» барған. Стив бұрын-соңды қол жеткізілген ашылыстардың «кілті», яғни миды зерттейтін болып шешеді. Ол жадымыздың нейроғылымын зерттейтін зертханада жүріп өмірдегі әр оқиға мида физикалық іздерін қалдыратынын анықтаған. Мұны естелік деп атаймыз және оны тексеріп көруге, тіпті өзгертуге де болады. «Бұл ой маған маза бермеді», – дейді ол.

Қазір Рамирездің Бостон университетінде өз зертханасы бар және ол жағымды естеліктерді жүйелеу арқылы жағымсызын жасырып қою амалын игеріп алған. Ол өз тобымен бірге тышқан миындағы естелікке жауапты жасушаларға жіберілген мардымсыз электр тоғы арқылы жақсы-жаман естеліктердің сақтаулы орнын анықтай алады. Осы жасушаларды деактивациялау арқылы ол жағымсыз естеліктерді өшіріп, жақсы естелікті, айталық, қорегі көп, қарны тоқ сәттерін қалдыруға мүмкіндік береді.

Рамирез адамдардың естеліктеріне манипуляция жасау үшін «генетикалық қулықтың» осы түрін пайдалануды емес, түрлі себептен туындаған көңіл күй күйзелісі, ашу-ыза, депрессия тәрізді жағдайларды емдеудің жаңа жолын ұсынады.

Автор: Рейчел Хартиган Ши, фото: Ребекка Хейл


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе,
shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation