..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қала кептерінің тарихы

Мына балапан кептер жұмыртқаны жарып шыққан соң екі күннен кейін жетім қалды. «Нью-Йорк көгершіні» кітабының авторы Эндрю Гарнның айтуынша, бірнеше апта күтім көрген соң, ол еркін жіберуге жарап қалған.

 

Мына кішкентай кептер Нью-Йорктің жергілікті «тұрғыны», бірақ оның тегі басқа жақтан. Нью-Йорк қоғамдық кітапханасына сенсек, оларды 1600 жылдары АҚШ-қа еуропалықтар әкелген болуы бек мүмкін. Тордан босаған кей көгершіндер қалаға ұшып кеткен. Жабайы табиғат жартастарындағы кептердің ұяларын биік ғимараттар алмастыр­ған. Арнайы қорек түрін қажет ететін өзге құстарға қарағанда, кептер барлық нәрсені, соның ішінде адамдар лақтырып тастаған қалдық-қоқысты да талғажау ете береді. Сол себепті, олардың саны әлем бойынша 400 миллионға жеткен. Жеті миллион кептер бір ғана Нью-Йоркті мекен ететін көрінеді.

Авторы: Партисия Эдмондс, фото: Эндрю Гарн


Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation