..."/>
ЗЕРТТЕУ

Адамға ғарышта орын жоқ

Адам денесі жердің тартылыс күшіне сай жаратылған. Гравитация болмағанда өмірдің қалай астаң-кестеңі шығатынын енді түсіне бастағандаймыз…

Біздің тәннен құралған болмысымыз тартылыс күшінің аясында жұмыс істеуге ғана жаралған. Жуыр­да New England Journal of Medicine-де жарық көрген бір зерттеуде адам ағзасының ерекше маңызды органы – ми туралы алаңдатар жайттар қозғалды. Зерттеу барысында ғарышқа барып келген 10 космонавтың бас сүйегін мұқият тексергеннен кейін ғалымдар бұлшық етті басқару, есте сақтау, сезу қабілеттері тәріздес функцияларға жауап беретін ми бөлігінің кішірейгенін байқаған. Оған мидың сұр заттегі өзін жұмсартатын ми жұлын сұйығының артуы себеп. Бұл көбірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Жердегідей гравитациясы бар ғарыш кемесі шықпайынша, біздер үшін жұлдызаралық өмірдің қиынға соғатыны анық.

Авторы: Мая Вей-Хаас


Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation