САЯХАТ

Көненің көзі, бүгінгінің өзі

Кольменаре-Вьехо, Испания. Көктем келгенін білдіретін Ла Мая фестивалі кезінде таңдаулы қыздар ғана арнайы дайындалған алтарьға отырғызылады.

Көктемді ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр – қыздарды алтарьға отырғызып қарсы алған ел.

Орталық Испанияда ғасырлар бойы тойланып келе жатқан Ла Мая дәстүрі кезінде алтарь тақтары балғын гүлдермен безендіріліп, ал қыздар екі сағаттық көріністе тапжылмай отырулары қажет.

Гүл шоқтарын асынған бағы бар бірнеше қыз ғана көктем символына айналады.

адамдар неліктен дәстүрді берік ұстанады? Испаниядағы Кольменаре-Вьехо қаласындағы Las Mayas ретінде таңдалған 7-11 жас аралығындағы кез келген қыз бала бұл сұраққа жауап бере алады.  Көк шыққан көктемді қарсы алу үшін олар балғын гүлдерді тағып алып, сәнделген алтарь тағына жайғасады.

Арнайы тізімі бар фестиваль ұйымдастырушылары оқу үлгерімі мен тәртібіне байланысты жыл сайын тек бес кішкентай қызды іріктеп алады. Мая атану құрметі бәріне бірдей жете бермейді.

Қалың адам екі сағат бойы олардың жанынан өтіп жатқанда қыздар қаққан қазықтай қозғалмай отыруы керек. Көздерінен олардың өз рөлдеріне қаншалықты жауап­кершілікпен қарайтындарын көруге болады. Тамырын тереңнен алатын дәстүрге қатысуға өтініш берген қыздар арасынан іріктеліп алынғандары үшін бұл үлкен мәртебе. Осыдан кейін бірнеше аптаға созылатын тыңғылықты дайындық басталып, қатысушылар алтарьды сәндеп, салтанатты шара көйлегін тіктіру қамына кіріседі.

Дүйім жұрт алтарьға отырған қыздарды көру үшін қала көшелеріне шығады. Фестивальдан кейін маялықтар қала аралап, көңіл көтереді.

Фотограф Даниэль Очао де Ольза түрлі испан салт-дәстүрлерін құжаттауға ғұмырын сарп етіп, кейбірінің өз маңыздылығын жоғалтпағанына таңданысын жасырмайды. Мәселен, Испанияның Пиорнал ауылындағы бір фестивальде ауыл тұрғындары шалқаны бар шайтан тәріздес сауытты кейіпкерді жандандырған. Ал ол дүниеге келген Памплонада атақты Сан-Фермин фестивалінде адамдар өгіздердің алдына түсіп, қашады. «Бұл барып тұрған ақымақтық болса да – бұл біздің дәстүріміз», – деді мұндай тәуекелге тоғыз рет барғанын мойындаған ол.

Бір күнге болса да мая қыздары бәрі қызыға қарайтын көз жауһарына айналады. Тамсана қарап өтетіндердің қарасында шек болмайды.

«Бұл компо­зициялар көп дүниенің бетін ашып, алысқа бармай-ақ, сен білмейтін әдет-ғұрыптың көп екенін әрі солардың өзінен жарқын да тамаша тәжірибе алуға болатынын көрсетеді, – дейді Очао де Ольза. – Maya атанудың сиқырын сезіну мүмкіндігі қыздар бойжеткен сайын азаяды».

Есейгенде олар балалық энту­зиазм­дерін жоққа шығарғандай өткенге миығынан қарап күлетін болады. 

Авторы: Даниэль Стоун, фото: Даниэль Очао Де Ольза


0
Кіру
*
*



Тіркелу
*
*
*
Жаңа құпия сөз