..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

National Geographic Qazaqstan журналы

Жарық көргеніне үш жарым ғана жыл болған «National Geographic Qazaqstan» журналы биыл екінші мәрте «Үркер-2019» сыйлығының жеңімпазы атанды. Ұлттық сыйлық 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио және интернет журналистика саласында еңбек етіп жүрген мамандарға табысталып келеді.

«Біздің журнал бұған дейін 2017 жылы да үздіктердің көшін бастап, көптен қара үзіп шыққан еді. Осы орайда мен өзім қызмет етіп жүрген ұжымыма, әріптестеріме шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл марапат үздіксіз ізденіс, төгілген тер мен тынымсыз еңбектің жемісі деп білемін», – дейді «National Geographic Qazaqstan» журналының жауапты редакторы Арай Ізбай.

11 аталым бойынша сыйлық лауреаттарын елдің медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері құпия дауыс беру арқылы таңдады. Лауреат атанған журналистерге «Сыйлық жеңімпазы» атағымен бірге «Үркер-2019» естелік мүсіншесі және 1 млн теңге қаржылай жүлде табысталды.

Ұлттық марапат баспасөз, радио және интернет-журналистика саласында үздік жетістікке жеткен сондай-ақ өңірлерде мультимедиалық журналистиканы дамытуға үлес қосып жүрген, әрі журналистиканың беделін көтеруге атсалысқан, сондай-ақ қоғамның азаматтық белсенділігін көтеруге үлес қосып жүрген мамандарға беріледі.

Қымбатты оқырмандар!

80 миллионнан астам оқырманы бар әлемдегі ең танымал баспа бренді – «National Geographic» журналына жазылу жүріп жатыр.

  • Журнал 1888 жылдан бастап шығады
  • Әлемнің 38 тілінде жарық көреді
  • 80-нен астам елде таралады
  • Қазақ тіліндегі алғашқы саны 2016 жылы жарыққа шықты
  • 3 жарым жыл ішінде 50 шақты саны жарық көрді
  • Журналдың әрбір саны жоғары сұрыпты қағаз бен еуропалық стандарттағы бояуға басылып шығады

«National Geographic» журналында жарияланатын материалдар – жаңашыл зерттеулердің, экспедициялардың, саяхаттар мен археологиялық қазбалардың және т.б. қыруар жұмыстардың нәтижесі.

“National Geographic” журналының қазақ тілінде шығуы ана тіліміздің халықаралық аренадағы тағы бір жеңісі.”

Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

 

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation