..."/>
ЗЕРТТЕУ

Спирт әлемі

Шотланд вискиі бокал түбінде шөгінді қалдырады. Түрлі түсті жарық пен фото өңдеу бағдарламалары арқылы фотограф Эрни Баттон «Макаллан» шотланд вискиінің қалдығын мына ғажайып планетаға ұқсас бейнеге айналдырды.

Өзгепланеталық пейзаждар мен шотланд вискиі арасында қандай байланыс бар? Бокал ішіне үңілейік…

Ыдыс-аяқ жуу фотограф Эрни Баттонның шабытын оятып, сиқырлы әлемді ашуына себеп болды. Вискидің босаған бокалын ыдыс жуатын машинаға салып жатып, бокалдың түбіндегі буланған алкогольдің жұқа қалдық қабығына көзі түсіп кетеді. Бұл Шотландияда еменнен жасалған бөшкеде үш жылдан астам уақыт сақталған виски еді. Ішімдіктің соңғы тамшысы құрғағанда вискидің дистилляты артында шөгінді қалды. Баттон бокалды студияға әкеліп, бүйіріне жатқызып, суретке түсіріп алды.

Бөшкелерде жылдар бойы сақталған «Гленливет» вискиінен кейін бокалда лаваға ұқсайтын толқын бейнелері пайда болады. Түрлі түсті шам мен фото өңдейтін бағдарламаның көмегімен мынадай туынды шықты.

Вискидің шөгіндісі қар түйіршіктеріне ұқсайды және әрқайсысы бірегей дизайнымен ерекшеленеді. Басында ақшыл сұр түсте келген олардың барлығы түрлі түсті шам жарығы түскенде өзгеріп, жолақ пен иірімдер тіріліп, планета мен айлардың көзтартар пейзаждары шыға келді. Көптеген талпыныс пен сәтсіз сынақтардан кейін Баттон тек шотланд вискиі ғана жеткілікті шөгінді қалдыратынын анықтады.

Баттон «Балвени», «Макаллан» мен «Гленфиддих» вискилерінен қалған шөгінділерді (сағат тілімен сол жақ үстінен) суретке түсіріп, Photoshop бағдарламасының көмегімен өңдеді.

Вискидің шөгіндісі қар түйіршіктеріне ұқсайды және әрқайсысы бірегей дизайнымен ерекшеленеді. Басында ақшыл сұр түсте келген олардың барлығы түрлі түсті шам жарығы түскенде өзгеріп, жолақ пен иірімдер тіріліп, планета мен айлардың көзтартар пейзаждары шыға келді. Көптеген талпыныс пен сәтсіз сынақтардан кейін Баттон тек шотланд вискиі ғана жеткілікті шөгінді қалдыратынын анықтады.

«Макаллан» вискиі бокалда гүл сияқты құйын бейнесін қалдырады. «Макаллан» – қатаң шарттарда өндірілетін бір уытты шотланд вискиі. Табиғи көрінетін шөгінді ою-өрнектерін суретке түсіретін.

Ішімдік суреттерінен бұрын ол таңғы асқа арналған сұлы ботқасы қораптарынан пейзаждар құрап, азық-түлік дүкендеріндегі тиынмен істейтін автомат-ойыншықтардың жоғалып кетуі жөнінде хроникалық кадрлар түсірген болатын. Баттонның еңбегі алысқа кетпей-ақ, тіпті жуылмаған ыдыстың өзінен кереметті табуға болатынын дәлелдейді.

Баттон шығармашылығы жарық берген кезде пайда болады. Осы арқылы «Макаллан» (оң жағында) мен «Гленфиддих» шөгінділері тұманды не қанық түсті металл бейнесіндей көрінеді.

Авторы: Даниэль Стоун, фото: Эрни Баттон

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation