..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

«Үркер» сыйлығы: сенім мен жауапкершілік

28 маусым, журналистердің кәсіби мерекесі күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистік ұжымдарға «Үркер» ұлттық сыйлығын салтанатты түрде табыстады. Шарада «National Geographic Qazaqstan» журналы «Үздік журнал» аталымы бо­­йынша топ жарып, екінші рет «Үркер» сыйлығының иегері атанды. Журнал бұл марапатқа алғаш рет 2017 жылы қол жеткізген болатын. Бұл тек редакция ұжымының ғана емес, бізбен тілектес, ниеттес болған оқырмандарымыздың да жеңісі деп санаймыз. Баршаңыз­­ды жүлделеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата-бабаларымыз ежелден Үркер шоқжұлдызын бақылап, жаугершілік кездерде де, жаймашуақ күнде де бағыт-бағдарын анықтап отырған екен. Ауылды жерлерде Үркерге қарап ауа райы дәл болжау өнері әлі күнге дейін бар.

Қоғамның бағдарын анықтап, алыс-жақын ақпаратын сездіріп отыратын журналистер қауымын да осы Үркер жұлдыздар шоғырына теңеуге болатын секілді.

Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты қаламдастар һәм қаруластар!

Қиын да қызықты мамандықтары­ңыз­­ға адалдықпен, елімізге абыроймен қызмет ете беріңіздер.

 

Құрметпен, «National Geographic Qazaqstan» ұжымы

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation