"/>
САЯХАТ

Nomad explorer: Оңтүстік аңыздары

Жап-жасыл нұр тамған жазғытұрым шақ. Сәуірдің соңғы онкүндігінде «Nomad-Explorer» жобасының «Оңтүстік аңыздары» атты экспе­ди­циясы күннің жаңбырына қарамастан жоғарғы деңгейде өтіп жатты. Ақыртас, Көне Тараз, Қарахан баба, Айша бибі, Домалақ ана, Ақмешіт үңгірі, т.б. тарихи орындарды рет-ретімен аралап келеміз. Әсер – көл-көсір.

Экспедиция Тараз қаласынан басталып, орта­ғасырлық әйгілі Сауран бекінісінің түбінде аяқ­талды. Ақшаңқан қазақ үйлер мен сәнді турис­тік шатырлар тоқтаған жерді әп-сәтте көш­пенділер ауылына айналдырып жібереді. Бірі жүгіріп, бірі жаттығу жасап, ашық аспанның астында 800-ден астам туристке тамаша демалыс ұйымдастырылды. Бұл шара бір жағынан туған жерді сүюге үндесе, екінші жағынан ішкі туризмді дамытып, жергілікті шағын бизнеске әжептеуір қолдау білдіреді. Егер отандық туристер жылда осылай келе берсе, бұл орындардың әрқайсысында инфрақұрылым дамып, сервис сапасы да сөзсіз жақсара берер еді…

«Оңтүстік аңыздары» экс­педициясының қатысушы­ла­рына ерекше әсер қалдырған Жамбыл мен Түркістан облыстарының туристік әлеуеті зор бірқатар жерлерімен таныс болыңыздар.. Сапардың толық картасы журнал қосымшасында беріліп отыр. Бұл жерлердің қай-қайсысы да арнайы барып көріп ғибрат алуға, зиярат етуге тұрарлық қайталанбас орындар.

Ақыртас қаласы (VІІІ-ХІІ ғғ.)

Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырымдай оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан ғажайып кешен. 1864 ж. М.Знаменский атты бір суретші қаланың қирандысына барып, Ақыртастың понорамасы мен қабырғаларының бөліктеріне байланысты қызықты суреттер сызып қалдырған. Содан бері зерттеушілер Ақыртас туралы әр­түрлі тұспалдар мен батыл болжамдар айтуда. Ел аузында Ақыртас туралы әңгімелер өте көп. Ол – күрделі құпияға толы нысан. Аэро-фото түсірілім көрсеткеніндей қала  құрылысы үш бөліктен тұратын алып құры­лым бейнесінде жоба­лан­ған. Қазіргі құры­лысы жартылай тұр­ғы­­зылған нысанның шығыс жағымен батыс солтүстігіне қарай тағы да екі алып құрылыс орны белгіленіп, алғашқы тұғыр­тас өлшемі жасалған. Міне, дәл осы тұста Египет мұнаралары мен сол маңдағы «Патшалар аңғары» еріксіз ойға оралады. Негізінен көлемді төрт бөліктен тұратын Ақыртас сарай кешенін «Шеберлер ауылы», «Хан ордасы», «Құмтас кешені» және «Ақыртас ғимараты» деп қарастыруға болады. Қазір археологиялық және қайта­жаң­ғыр­ту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бәрі де уақыттан қорқады, ал, уақыт тек Пирами­да­лардан ғана қорқады» дейтін қанатты сөзге арқау болған Египет кереметтері, Афины Акропольдары, Рим колизейі, Перудегі Майя сарайлары, Антантида аңыздарымен деңгейлес жатқан алып құрылыстың бірі Ақыртас сарай кешені екені даусыз.

Көне Тараз (I-XVIII ғғ.)

Тараз қаласының тарихи бөлігі, яғни цитаделі қазіргі орталық базардың астында жатыр. Мұнда қаланы билеушілердің резиденциясы орналасқан. Цитадельге жапсарлас қабырғамен қоршалған қаланың «шахристан» деп аталатын бөлігінде зиялы қауымның, бай саудагерлердің, қол­өнершілердің үйлері және шығыс базары мен мешіт, ал шахристан қабырғаларына жапсарлас қолөнершілердің шеберханалары, үйлері – рабад орналасты. Ежелгі Тараз қаласының аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде қыштан жасал­ған су құбырлары, қоғамдық моншалар, мыс, қола теңгелер құятын орын, тас төселген көшелер және басқа да құрылыстар табылды. Қаланы қоршаған қабырғаның қалыңдығы – 1,25 ал биіктігі 9-10 м болған. Қазіргі уақытта Шахристанның шығыс қабырғасының іздері сақталған. Х ғасырдың ортасында Тараз қаласы да құрамында болған сол дәуірдегі ірі мемлекеттердің бірі – Қараханидтер империясы құрылды. Ол ХІІ ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Тараз қаласының гүлденуі Қараханидтер мемлекеті кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сәулет өнерінің дамуына жақсы жағдайлар туындайды. Сол кездегі мәдениеттің жоғары деңгейде болғанына орталық базар аумағынан табылған Х-ХІІ ғғ. мерзімделетін екі монша куә. Моншаның біріне 1938 жылы А.Н.Бернштам қазба жұмыстарын жүргізген. Сақталып қалған фундаменттің қалдықтары, қабырға өрнек­терінің бөліктері монша жобасы мен сәндеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді, ол ерлер мен әйелдерге арналған екі бөлімнен тұратын күмбезді құрылыс болып шықты. Қазақстанның сәулет өнері тарихында моншаның бөлмелерін әсемдеп безендіру – сирек кездесетін құбылыс. Жабық базарды салу кезінде осыған ұқсас тағы бір монша табылды. Монша төрт бөлмелі. Кейбір жерлерінде қыш орындықтар, астау мен ваннаның қалдықтары сақталған.

Домалақ Ана

Ескерткіш Түркістан облысында, Боралдай ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан. Халық арасында Домалақ Ана ретінде танымал Нұрила Әли Сыланқызы зиратының үстінде салынған. Домалақ Ана – Бәйдібек атаның кіші зайыбы. Ол өзінің ерекше ақыл-ойымен және даналығымен танымал, аналық пен мейірімділіктің символы болып табылады. Домалақ Ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана дегенді білдіреді деген нұсқа бар. Кейіннен Дихнат сөзі Домалақ деп өзгерген. Ол Бәйдібек атаға тұрмысқа шыға салысымен өзінің ақыл-ойының, даналы­ғы­ның, жан дүниесінің тазалығы мен қа­сиет­­тілігінің арқасында халық арасында таны­мал болған.

Ақ мешіт үңгірі

Ақмешіт үңгірі Шымкент қаласынан 100 шақырым жерде, Бәйдібек ауданында орналасқан. Ол Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайларындағы әктас жыныстарынан құрылған. Оның ішінде өзіне тән микроклиматы бар – жыл бойы ауа тем­пературасы 9-15 градус шамасында жылы болып тұрады. Үңгірдің бірегейлігі – онда шамамен қырықшақты ағаш өсетін шағын тоғай бар. Аңыз бойынша үңгірде бағзы заманда адам­дар мен малдарға шабуыл жасаған айда­һар болған дейді. Ол қанатын түзегенде үңгір тастарын құлатып, ішін бірте-бірте ұлғайта берген. Бірақ бір күні осы өлкеге Сүлеймен пайғамбар келіп, айдаһарды шынжырлаған. Осыдан кейін аждаһа қанша жыл өмір сүргені белгісіз, бірақ оның ұйықтаған орны сақталып қалған. Бұл қырат үңгірдің дәл ортасында – күн сәулесі түсетін жарылған жердің астында. Тағы бір аңыз бойынша ежелгі заманда осы жерлерде ең маңызды орындардың бірі болып табылатын үлкен жерасты мешіті болған.

Отырар қаласы

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым әбу-Насыр әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ор­тағасырлық қалалардың ең беделдісі де, белгілісі. Отырар ежел­гі заманнан-ақ қаласында – ғылым, мәдениет, сауда, даласында – егін, мал шаруашылығы қар­қынды дамыған әлемдік ірі мәдени орталықтардың бірі болды. VІ-ХVІ ғасырларда Фараб (Отырар) аймақтың бас қа­ла­сы, Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық орталығына айналды.

Деректерге сүйенсек, Отырардың соңғы тұр­ғын­дары қаланы ХVІІІ ғасырдың орта шенінде тастап Түркістан, Шымкент, Ші­лік жағына қоныс аударған. Содан бергі дә­­уір­­лерде ол қаңырап бос қалды. Жергі­лік­ті тұр­ғындар Отырартөбе деп атап кет­кен, үйін­діге айналды.

Сауран қалашығы

Сауран бүгінгі күнге дейін өз қабырға­ла­­рын сақ­тап қалған ортағасырлық қала мә­­­де­ниетінің жал­ғыз ескерткіші, ол Түр­кіс­тан мен Қы­зы­­лор­да облыстарының ше­­­ка­расында, Түр­кіс­­таннан солтүстікке қа­рай 40 шақы­рым жер­де орналасқан. Ар­хео­­­логиялық қазба жұ­мыс­тарының ар­қа­сын­да XVI-XVII ғасыр­лар­да­ғы орасан зор қала­лық орлар тазартылып аршылды. XIV ға­сырда қала аймақтың ең үздік бекі­ніс­те­рінің бірі болып саналып, Ақ Орданың ас­та­насы болды. Сау­ран арқылы дала жолы деп аталатын Ұлы Жібек жолының бір бө­лігі өтті. Дала жолымен Қырымнан шық­қан керуен Қытайға және кері қарай жүрді. Бір бағытқа жолға 290 күн кеткен. Дала жолымен жібек, парша, мақта-мата, кү­ріш, запырангүл, кептірілген жемістер, фаянс, фарфор және жоғары сапалы керами­ка тасы­малданған.

 

Авторы: Мақсат Ясылбайұлы, фото: Дмитрий Ругис

Дереккөз: Nomad-Explorer

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation