..."/>
ТАБИҒАТ

Жасырын табиғаттың символы

Кемінде бір көбелектің қызметіне жүгінетін орхидея

 

Экзотикалық әдемілік жағынан елес орхидеямен (Dendrophylax lindenii) бәсекеге түсетін гүл кемде-кем. Оның ұзын түтікшесіндегі шәрбатқа жету үшін күйе көбелектер тіл сияқты бізтұмсығын пайдаланады. Қоректеніп жатқанда жәндік өзге орхидеяға жеткізетін дән жинап, тозаң көзіне үйкеледі.

 

Осы күнге дейін бұл орхидеяны тозаңдандыра алатындай ұзын бізтұмсық тек сфинкс күйе көбелегінде бар деп есептелініп келгенімен жаңа фотолар бұл пікірді жоққа шығарды. Карлтон Уард Дж. мен Мак Стоун фотографтары, сондай-ақ биолог Марк Дэнәхер мен Питер Хулихан мұндай суреттерге қол жеткізу үшін қашықтықтан түсіретін камераларын ұзақ көздеген. Нәтижесінде үстінде тозаңы бар тағы екі күйе көбелек түрінің елес орхидеяға келетіні анықталды (жолақты сфинкс күйе көбелегінің суреті). Соңғы зерттеулер күйе көбелектің бұдан да көп түрі бұл орхидеяның нектарына жете алатынын ұсынады. «Жасырын табиғаттың символы туралы жаңалық ашу ғажап сезім», – дейді Уард.

 

 

Авторы: Дуглас Мэйн

Authorization
*
*



Registration
*
*
*
Password generation