..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

Планета сақтауға бұрын-соңды бөлінбеген ең көп қаражат

Amazon компаниясының басшысы әрі әлемнің ең бай адамы Джефф Безос климаттың өзгеруіне қарсы күреске, жалпы Жер мен ғаламшар тіршілігін сақтап қалуға 10 миллиард доллар бөлетінін жариялады.

Миллиардердің айтуынша, климаттың өзгеруі «ғаламшарға ең үлкен қауіп төндіріп тұр». Осы орайда ол қолға алып ашып жатқан «Безостың Жер қоры» ғалымдар мен белсенділердің және де үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қаржыландырады.

Осылайша Безос түрлі мемлекет үкіметтерін, бизнес өкілдері, халықаралық ұйымдар мен адамзатты климаттың өзгеруімен күреске шақырып : «Жер – бәрімізге ортақ. Оны бірге қорғайық», – деп үн қатты.

Қазіргі жағдай бойынша еншісінде 127 миллиард доллары бар Джефф Безос Bloomberg миллиардерлер рейтингінсінде көш бастап тұр. Ал Безос негізін қалаған Amazon компаниясының капитализациясы триллион доллардан асады деп бағалануда.

 

 

Фото: Andrew Harrer / Bloomberg

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation