..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тарихтан орын алған ескекаяқ

Эрл бұл ескекаяқты суастында шамамен сегіз мың сағат пайдаланған

National geographic мұрағатындағы дүниелердің арасында атақты аяқ киімдер де бар. Мынау сильвия эрлдікі.

БҰЛ пластик пен резеңкеден жасалып, жүздеген сағат бойы тұзды су мен күнге қақталған сүңгуге арналған қарапайым ескекаяқ. Бірақ, ол керемет оқиғалардың куәсі. Себебі, оның иесі – атақты мұхиттаншуы әрі рекорд орнатушы Сильвия Эрл.

Мұндай сүңгу жабдығымен ол 1950 жылдары теңіз ғылымының студенті болып жүрген кезде етене танысады. Ол суасты аппаратының барокамерасына сынап көрген (ол кезде аяғының ауырлағанына төрт ай болған) әрі суастында екі апта уақыт өткізген тек әйелдерден құралған акванавттар тобын басқарған, сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық мұхиттық және атмосфералық әкімшілігінің бас ғалымы қызметін атқарған алғашқы әйел. 1979 жылы Эрл қысым реттеуші костюмімен Оаху аралындағы мұхиттың түбіне түсіп (381 метр тереңдік), арқансыз ең тереңге түскен дайвер ретінде рекорд орнатты.

Бүгінде, ол АҚШ-тың құзырлы органымен құпталған хай-тек ескекаяқтарды жөн санайды. Әскери үлгінің түсі қара, ал Эрлдікі қанық қызыл. Ол оларды «лағыл ескекаяқ» деп атайды.

 

Автор: Нина Строчлик, фото: Ребекка Хейл

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation