11Мам

ОРМАН ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

05 May Cover

 

Аса құрметті оқырман, біз орман туралы, оның планетада атқаратын маңызды қызметі туралы не білеміз? Осындай сұрақ қойыла қалса, шындығын айтайық, көпшілігіміздің ойымызға мектепте оқытқан «Орман – Жердің өкпесі, ол көміртегін сіңіріп, оттегін бөліп шығарады» деген тұжырымнан өзге тұщымды ештеңе келе қоймайды. Әлбетте, салалық маман болмағандықтан, арнайы түрде ізденіп оқуға да қажеттілік көрмейміз. Расында да, ормандар бізге не береді? Жер бетіндегі ормандарды неліктен бірыңғай отай беруге болмайды? Ғасыр жасаған, ежелден келе жатқан ағаштарды кесіп, орнына басқа ағаш егудің пайдасы мен зияны неде? Адам қолы тимеген ормандарды неліктен сақтауға тиіспіз?

Сүйікті журналдарыңыз National Geographic Qazaqstan өзінің мамыр айындағы арнаулы санын ОРМАНДЫ САҚТАУ мәселесіне арнап отыр. Журналымыздың осы басылымынан сіздер жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап алумен қатар, ормандардың тұтас экожүйедегі қызметі, бір-бірімен байланысы, қауіп-қатерге қарсы ақпарат алмасу жүйесі, климат өзгерісімен, қуаңшылықпен қалай күресетіні туралы бұған дейін айтылмаған өте көп құнды мәліметтер табатыныңыз анық.

Ендеше, National Geographic Qazaqstan журналын жаздырып алып, біздің қатарымызға қосылыңыз!

Құрметпен,

National Geographic Qazaqstan редакциясы

Журналды қалай алуға болады?

Редакциядан тікелей: +7 771 050 91 77 немесе 8 (7172) 68 00 78 телефоны арқылы немесе subscribe.nationalgeographic.kz сайты арқылы онлайн жаздырып алуға болады.