Бізбен бірге таңғажайып әлемге саяхат жасаңыз!
National Geographic Qazaqstan журналының алғашқы саны 2016 жылдың ақпан айында жарық көрді. Әлемнің 38 тілінде шығатын беделді басылым қазақ тілді оқырманға қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батасымен қадам басқан болатын.
«Мен әлемге әйгілі басылымның Қазақ жерінде, қазақ тілінде жарық көруін ана тіліміздің халықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалаймын». – Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті.
133 жыл тарихы бар сары-жиекті басылымның дүниежүзінде 46 миллионнан астам оқырманы бар, ал брендің жалпы аудиториясы (журнал, телеарна, кітап, әлеуметтік желі) 900 миллионнан асады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі шетелдік журнал ана тілімізде басылып, мемлекеттік тілдің халықаралық мәртебесін арттыруға да өз үлесін қосып отыр.
Халықаралық талаптарды ескере отырып, журналдың алғашқы нөмірі Еуропаның жетекші баспаханаларының бірінде басылып шықты.
Журналдың түрлі-түсті бояуға қанық таңғажайып фотосуреттері мен қызықты мақалалары, өз оқырмандарына үйден шықпай-ақ, аптап ыстық Африкадан, солтүстіктегі мұз басқан Арктикаға дейін қайталанбас сапар сыйлайды.
Саясаттан тыс дүниелерді, соның ішінде адамзат өркениетінің өзекті мәселесінен бастап, көне тарихына дейін барлайтын, тұмса табиғат, география, археология, тарих, биология, астрономия және т. б. көптеген ғылым саласын кеңінен қамтитын басылымға жазылу арқылы әлемдік қауымдастықтың мүшесі болыңыздар.
PS. Қатарымызға қосылыңыз, әлемді бірге өзгертейік!