11 желтоқсанда Армения астанасы Ереван қаласында Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауы өтеді. Биыл бұл өнер бәйгесінде Қазақстан намысын «Baqytty Bala-2022» IV халықаралық байқауының финалисі Давид Чарлин қорғайды. Көрермендер байқаудың Гранд-финалын 11 желтоқсан күні сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.
