24Қар

Xiaomi 13T: бағасы қолжетімді нағыз жауһар

Бүгін біз Xiaomi 13T жаңа өнімі туралы әңгіме етпекпіз. Бұл смартфон технологиялық кемелдіктің шынайы келбетін көрсете алатындығымен қызықтырды, сондықтан біз осы құрылғының мүмкіндіктер әлеміне ену мақсатында табиғат аясына бет алдық.

Дизайны мен экраны

Xiaomi 13T-ның жұқа жақтаулары мен үйлесімді қоршалған камералар модулі оның стильді дизайнын көрсетеді. Смартфон 3 түсте ұсынылған: қара, көк және жасыл түсті. Корпусының материалдары екі вариацияда, яғни керамика және жасанды былғарыдан жасалған көк түсте орындалған. Xiaomi BioComfort технологиясы ластануға төзімді, берік және қолға ұстағанға жайлы: байқап көріңіз. Оның 6.67 дюймдік AMOLED экраны мен Corning Gorilla Glass 5 қорғанышы бар, сондықтан сіз әртүрлі контентті қараудан ләззат аласыз. 2712 x 1220 пиксель кескіннің айқын әрі жарқын көрінісін береді, ал 144 Гц жаңарту жиілігі құрылғымен керемет бірқалыпты әрекеттестікті сыйлайды.

Өнімділік

Android 13, MIUI 14 арқылы басқарылатын, ең ділгір тапсырмаларды  оңай орындайтын MediaTek Dimensity 8200-Ultra процессоры – осы қуатты аппараттың жүрегі. Қосымшаларды іске қосу, бір мезгілде көп міндетті орындау,  гейминг – Xiaomi 13T өзінің зерек әрі әбжілдігімен таңдандырады.

Камералар

Xiaomi 13T Leica-50 Мп кәсіби оптикасы бар үш камерамен және 20 Мп фронтальды камерасымен жабдықталған. Бұл смартфон әсерлі кадрлар жасайды. Осы камера сізге ландшафттан бастап, ұсақ бөлшектерге дейін қамту арқылы өз шығармашылығыңызды көрсетуге мүмкіндік береді. Бейне түсірілім режімінде де смартфон әсерлі, секундына 60 кадрда 4K бейнені қолдайды. Табиғат аясында жасалған сынақтар көрсеткендей, тіпті ең төтенше жағдайларда да бұл смартфон өзінің «фото ептілігін» жоғалтпайды. Түсірген фотосуреттерге көңіліміз толды.

Батарея және зарядтау

5000 мА/сағ батареясы Xiaomi 13T-ның автономды жұмысын ұзақ уақыт қамтамасыз етеді. 67 Вт аккумуляторды жылдам зарядтау құрылғысы смартфонды 42 минут ішінде 100% толтыруға мүмкіндік береді.

Xiaomi 13T – технологиялық элитаның шынайы өкілі. Тамаша экран, қуатты процессор, әсерлі камералар мен ұзақ автономды жұмыс бұл смартфонды қолжетімді бағадағы сапа мен функционалдылықты бағалайтындардың мінсіз серігіне айналдырады. Табиғат аясындағы сынақ Xiaomi 13T-ны жарықтың қандай болғанына қарамастан, әртүрлі жағдайларда қолдануға болатынын көрсетті. Егер сіз бағасы қолжетімді, өзі күшті флагманды іздесеңіз, онда Xiaomi 13T сіздің көңіліңізден толық шығатыны анық!