Біз туралы

Бізбен бірге таңғажайып әлемге саяхат жасаңыз!

National Geographic Qazaqstan – 136 жылдан астам тарихы бар әлемдік National Geographic журналының Қазақстан аумағында 2016 жылдың ақпан айынан бері қазақ тілінде жарық көріп келе жатқан нұсқасы.

Журналды Қазақстанда шығару құқығының иесі – KAZMEDIA HOLDING жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

KAZMEDIA HOLDING – Қазақстанның медиа нарығында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. National Geographic Qazaqstan журналымен бірге New York Times Turning points журналын да Қазақстанда шығару құқығының иесі. Бас директоры – Еркін Жақыпов.

National Geographic Qazaqstan туралы

Журнал ай сайын шығады және бірегей эксклюзивті ғылыми-танымдық контент ұсынады. Ғылымның барлық саласында – тарих пен археология, экология мен климат, биология мен медицина, IT және ғарышты игеру секілді түрлі бағытта жүргізіліп жатқан әлемдік зерттеулер мен жаңалықтарды қалың көпшілікке қарапайым тіл мен көрнекі иллюстрация, жоғары сапалы фотолар арқылы баяндайды. Табиғат таңғажайыптары мен жаратылыс сырларына, экожүйелердің маңызы мен түйткілді проблемаларына,  таныстырып, қоршаған орта мен жан-жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.

Компания 2015 жылы келіссөздер нәтижесінде National Geographic журналын Қазақстанда қазақ тілінде шығару құқығына қол жеткізді. Сөйтіп, әлемнің 30-дан астам тілінде жарық көретін, 70-ке жуық елде таралатын халықаралық брендті елімізге әкеліп, қазақ тіліндегі тұңғыш нөмірін 2016 жылдың ақпан айында шығарды. Трансұлттық деңгейдегі медиа-брендтің қазақ тілінде жарық көре бастауы қазақ тілінің беделі мен мәртебесін көтеру, қазақ оқырмандарына ағылшын тіліндегі эксклюзивті контентті қазақ тілінде қолжетімді ету тұрғысынан Қазақстан медиа нарығындағы елеулі оқиғаға айналды.

New York Times Turning Points туралы

KAZMEDIA HOLDING New York Times компаниясының Turning Points жылдық шолу журналы мен сайтын  қазақ және орыс тілдерінде шығару құқығына 2025 жылы қол жеткізді.

Жыл сайын шығарылатын бұл журнал бүкіл әлемдегі белгілі журналистер, ғалымдар, саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлерінің, экономистер мен қаржыгерлердің жаһандық маңызды оқиғаларға деген көзқарастарын қамтиды. Әдетте жылдың соңында жарық көріп, өткен жылды қорытындылап, келер жылға болжам жасайды. Басылымда Нобель сыйлығының лауреаттары, беделді сарапшылар мен белгілі тұлғалардың мақалалары жарияланады.

Бұл да Қазақстанның медиа нарығында үлкен серпіліс тудыратын маңызды оқиғаға айналып, қазақ тілінің мәртебесі мен халықаралық беделін көтереді деп болжанып отыр.