19Қыр

«Almaty Resort» – табиғатпен үйлескен тамаша шипажай

Адам баласы табиғаттан алшақтамай, керісінше үйлесім тапса, жан дүниесі жаңарып, жақсы энергияға бөленеді. Табиғат аясында тұрған «Almaty Resort» шипажайы – заманауи көпбейінді санаторлық-курорттық кешен. Сондықтан да мұндағы ем-шаралар табиғат-ананың сыйымен үйлесім тапқан.

Мұнда келуші әрбір адамға жеке қызмет көрсетіледі. Әр науқастың жеке талап-тілегі мен медициналық көрсеткіштері толық ескеріліп, соған қарай оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламалары ұсынылады. Бұл – осындағы  медициналық және санаторлық-курорттық қызметтің басты ерекшелігі.

Шипажай әлемдік стандарттарға сай ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жайлы және жоғары сервистік қызмет көрсететін заманауи емдеу-оңалту, сауықтыру кешені ретінде қызмет көрсетеді. Шипажайға 2012 жылы 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесінің берілуі де мұнда жоғары сапалы қызмет стандарттары сақталатынын білдірсе керек.

Орналасқан жері де ерекше – Алматы қаласынан 3 шақырым жоғарыда, Алатау етегінде. Жаяу серуендеуге арналған жолдардың бойындағы алуан түрлі жасыл желек, тамаша орман алқабы тыныс жолдарын жақсартуға ықпал етеді. 3000 м тереңдіктен шығатын қайнар бұлақтың минералды суы да керемет. Табиғи йодтың 600-750 мкг/дм3 профилактикалық мөлшерінде болуы қайнар суының сапасын арттыра түседі.  Осы деңгейде су 42°С температурада шығады. Су арнайы қоймада сақталады және клиника ванналарына 36°С температурада беріледі.

«Almaty Resort» шипажайының басты артықшылықтары мынада:  

  • Меншікті минералды су ұңғымасы бар;
  • Криосауна секілді бірегей медициналық ем-шаралар қолданылады;
  • Спорттық сауықтыру кешені жұмыс істейді;
  • Алдыңғы қатарлы медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған;
  • Төрт уақыт тамақ, жайлы нөмірлер, 5 жұлдызды шипажай, заманауи медициналық блок

Санаторий Алматы қаласында, жалпы Қазақстанда емдеу мекемелері жетіспейтін 1960 жылдары  құрылған.  Атап айтқанда, тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 16 қазандағы №773 қаулысының негізінде қала сыртынан аурухана жобалау және салу туралы шешімнен бастау алады.  Санаторийді салу үшін теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінен, экологиялық таза ауданнан тамаша жер таңдалды. Бұл жердің климаты континенттік, температурасы ерекше, жазда бір-екі градусқа төмен және қыста бір-екі градусқа жылырақ. Оттегінің атмосфералық және парциалдық қысымы теңіз деңгейіне қарағанда төмен. Таза ауа, ультракүлгін сәуле, қоршаған өсімдіктердің құрамындағы хош иісті заттар мен фитонцидтер осы аймақтың климаттық факторларын демалушыларды кешенді емдеу кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік беретіндігі ескерілген.

Міне, осындай тбиғаты тамаша жерге салынған санаторий күні бүгінге дейін сапалы қызмет көрсетіп келеді.