29Мау

Санкт-Петербургке қош келдіңіз!

Санкт‑Петербург Туризмді дамыту комитеті мен Қалалық туристік-ақпарат бюросы 21-22 маусым күндері Қазақстанның басты қалалары Астана мен Алматыда «Санкт-Петербургке қош келдіңіз!» роуд-шоуын өткізді.

Санкт-Петербург қаланың туризм саласындағы мамандары мен қазақстандық туроператорлар және турагенттер арасындағы B2B кездесулер арқылы  туристік байланыстарды дамытып, нығайтпақ ниетте. Осыдан тура бір жыл бұрын ҚТАБ өкілдері бастаған турбизнес делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары Ресейге бағытталған сыртқы туризм нарығына айтарлықтай серпін беріп, Санкт-Петербургпен тікелей әуе қатынасы орнаған еді.

Роуд-шоуға қатысушылар алдында сөз алған Ресейдің Қазақстан Республикасындағы сауда өкілінің орынбасары Антон Гуменныйдың айтуынша, «Санкт-Петербург – Ресейдің ең тартымды туристік қаласы және Ресеймен таныстықты дәл осы Санкт-Петербургтен бастаған дұрыс».

Астанадағы іс-шараларға қатысқан Астана даму орталығының басқарушы директоры Дарина Демян қалалар арасындағы байланыс нығая  түскенін айтады.

«Біз Санкт-Петербург делегациясының қаламызға қайта келгеніне қуаныштымыз. Қазақстан Республикасынан келген қонақтардың туристік ағыны жылдам өсуіне елдер арасындағы визасыз режім, жақсы көліктік қолжетімділік ықпал етіп отыр. Астананың турагенттіктері тарапынан Невадағы қалаға туристік сапар ұйымдастыруға деген қызығушылық жылдан-жылға артып, бауырлас қалалар арасындағы байланыс нығая  түсті», – деп атап өтті ол.

Роуд-шоудың негізгі міндеттері – Санкт-Петербургтің классикалық және жаңа туристік нысандарын таныстыру, жазғы маусымның бағдарламасын ұсыну, Қазақстанның турбизнесімен ынтымақтастықты жолға қою және тереңдету.  Бұл міндеттер сәтті жүзеге асып отыр. Іс-шараға қызығушылықтың жоғары болғаны соншалық, Астана және Алматы қалаларынан оған 150-ден астам маман қатысты.

Питерлік қатысушылардың айтуынша, роуд-шоуға келушілер бағдарламаларға, ақпараттық материалдарға жоғары қызығушылық танытып, жұмыс кездесулері ұзаққа созылған. Роуд-шоу барысында бас-аяғы 26 таныстырылым көрсетіліп, жүздеген іскерлік кездесу өткізілген.

 Қазақстандық туристік агенттіктер Санкт-Петербургтің мәдени саладан бастап, мектеп, сауықтыру және өнеркәсіпке дейінгі туристік әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ роуд-шоудың тұщымды іскерлік және музыкалық-гастрономиялық бағдарламасын ерекше атап өтіп, туризм саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін ынтымақтастықты жолға қоюға ниеттестік білдірді.

«Питер – біздің маңызды бағыттарымыздың бірі. Бізге жаңа туроператорлармен, кеме қатынайтын компаниямен танысуға мүмкіндік бергендеріңізге ризамыз. Іс-шараның форматы, қатысушылардың деңгейі ұнады. Біз барлық сұрақтарға пайдалы және кәсіби жауаптар ала алдық», – деді Алматыдағы WMG туристік компаниясының бас директоры Ахмадьяр Сиранов.

«Қарағандыдан Астанаға дейінгі үш сағаттық жолға қарамастан, біз роуд-шоуға келгенімізге қуаныштымыз. Операторлар мен қонақүйлер құрамы, көптеген ақпарат пен түрлі брошюра  өте пайдалы болды. Біз Петербургке үнемі тур сатамыз. Жаңа ғанабір топты жібердім. Бес сағат бойы Санкт-Петербургтің орталығы туралы ақпарат іздеп, әбден тығырыққа тірелгенде, сіздер келе қалдыңыздар, енді бәрісәтімен болатынына сенімдімін!» – деді «Фламинго Тур» (Қарағанды) агенттігінің директоры Светлана Нечаева.