24Шіл

EXPO іскерлік орталығы – елорданың дамуындағы елеулі экожүйе

Кейінгі үш жылда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы өзінің имидждік жобасын трансформациялап, білім беру және қаржы ұйымдарын шоғырландыра алды. Мәселен, EXPO іскерлік орталығының аумағында жалпы ауданы 530 мың шаршы метрден астам 16 ғимарат орналасқан. Олар 100 пайыз толтырылған, резиденттер саны 15 мың адамнан асады. Ал бизнес субъектілері үшін «А» санатты іскерлік орталықтардың әлемдік стандарттарына сай келетін бизнес орталығы жұмыс істейді.

EXPO аумағының негізгі нысандарының бірі – Конгресс орталығы. Онда концерттен бастап, жоғары деңгейдегі ресми кездесулерге дейінгі іс-шаралар өткізіледі. Биыл 40-тан астам іс-шара, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы, Kazakhstan Energy Week 2023 (KEW 2023)/KAZENERGY XV Еуразиялық форумы, «Astana Сһеѕѕ Ореn» халықаралық шахмат турнирі жоспарланған.

Ал биылғы 8-9 маусым аралығында Конгресс орталығының алаңында аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған Астана халықаралық форумы табысты өтті.

Астана халықаралық форумы, Конгресс орталығы

2020 жылы Орталық Азиядағы бірегей ірі көрме алаңына айналған Халықаралық көрме орталығы ашылды. Ол UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының сертификатына ие. Көрме алаңының жүктемесі жылына 310 күнді құрайды. Биыл мұнда 40-тан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты, Цифрлық технологиялар, бизнес және IT туралы «Digital Bridge 2023» халықаралық форумы, «ИННОПРОМ. Қазақстан 2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «KazAgro/KazFarm 2023» аграрлық секторының халықаралық көрмесі және тағы басқалары. Солардың бірі 12-14 сәуірде өткен Automechanika Astana автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектердің, жабдықтар мен тауарлардың халықаралық көрмесі.

EXPO аумағында жыл сайын маусым айында жазғы сахна жұмысы басталады. Нақ осы сахнада Ninety One тобы, Джейран, «Raim & Artur» дуэті, DJ Smash, DJ Timoffey, Ерке Есмахан, Молданазар, Қайрат Нұртас, Say Mo, Abdr, The Spirit of Eurasia халықаралық заманауи этностық музыка фестивалі, The Limba, «Формат» тобы, Айқын, Cover Fest (Батырхан Шүкеновті еске алу кеші), рок фестивалі, ORDA FM гала-концерті, Cosplay Festival, этнофестиваль және эстрада әртістерінің open air концерттері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар кешен аумағында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Line Brew», «Kakao Dak», «Harrats Pub», «Prime Golf» гольф симуляторы, «Bronx» фитнес-клубы және «Coffee Boom» кофеханасы қызметтері ұсынылады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін тәулік бойы жұмыс істейтін көлік жуу орны бар, 3 мың автокөлікке арналған жерасты паркингі ашық екенін атап өткен жөн.