Жария оферта шарты

www.nationalgeographic.kz интернет-дүкенінің

ЖАРИЯ КЕЛІСІМШАРТ ОФЕРТАСЫ

Бұдан әрі – «Интернет-дүкен» деп аталатын National Geographic Qazaqstan интернет-дүкені мен  бұдан әрі – «Сатып алушы» деп аталатын интернет-дүкеннің қолданушысы арасында жасалатын бұл келісім интернет-дүкеннің сайтында тауар сатып алу шарттарын анықтайды.

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «KAZMEDIA HOLDING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 447 бабына сәйкес, жеке тұлғаларға қатысты жария келісімшарт-офертасы (ұсыныс) болып табылатын бұл сатып алу-сату Келісімшартын жариялайды.

1.2. Бұл жария оферта (бұдан әрі – Оферта) «KAZMEDIA HOLDING» ЖШС және Офертаны акцептеген тұлға арасындағы барлық маңызды Келісімшарттың шарттарын анықтайды.

1.3. Бұл Келісімшарт тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы мен интернер-дүкен арасында жасалады.

1.4. Офертаны www.nationalgeographic.kz сайтында орналастырылған «KAZMEDIA HOLDING» ЖШС-ң интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылатын/ұсынылатын тауар және/немесе қызметті сатып алғысы келетін Қазақстан Республикасының территориясындағы кез келген жеке тұлға қабылдай алады.

1.5. Сатып алушы жалпы Офертадағы барлық шарттарды сөзсіз қабылдайды (яғни, толық көлемде және ерекшеліксіз).

1.6. Бұл Келісімшарттың шарттарын қабылдаған жағдайда (яғни, интернет-дүкеннің жария офертасын), Оферта акцептін орындаған жеке тұлға Сатып алушыға айналады.

1.7. Сатып алушыдан жеке тұлғаның Сатушы ұсынатын шарттар бойынша тауар алу ниеті туралы хабар алуы акцепт болып табылады.

1.8. Оферта, оның барлық қосымшалары, сондай-ақ, «KAZMEDIA HOLDING» ЖШС-нің тауарлары/қызметтері туралы барлық толық ақпарат www.nationalgeographic.kz сайтында жарияланған.

  1. ИНТЕРНЕТ – ДҮКЕННІҢ МӘРТЕБЕСІ

2.1. Интернет-дүкен «KAZMEDIA HOLDING» ЖШС-нің жекеменшігі болып табылады және Интернет желісі арқылы тауарды қашықтықтан сату тәсілін ұйымдастыруға арналған.

2.2. Интернет-дүкеннің мәмілелері www.nationalgeographic.kz мекен-жайында жарияланған жария оферта шарттары бойынша сатып алу-сату келісімшартымен (төменнен қараңыз) реттеледі. Оферта акцептін орындағанда (яғни, интернет-дүкенде рәсімделген тапсырыстың төлемін) Сатып алушы сатып алу-сату Келісімшартының шарттары бойынша тауарды өз меншігіне алады.

2.3. Интернет-дүкен тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы берген ақпараттың мазмұны мен дұрыстығына жауап бермейді.

3.САТЫП АЛУШЫ МӘРТЕБЕСІ

3.1. Сатып алушы тапсырысты рәсімдеу кезінде берген ақпараттың дұрыстығына және оған үшінші тұлғалардың шағымының жоқ екеніне жауап береді.

3.2. Сатып алушы бұл Келісімшартта белгіленген шарттарға келісімін тапсырысты рәсімдеу кезінде «Мен Келісім-шарттың шарттарын толық оқып шықтым, Келісім-шарттың барлық шарттарын түсінемін, Келісім-шарттың барлық шарттарымен келісемін» графасына белгі қою арқылы растайды.

3.3. Сатып алушы берген ақпарат құпия болып табылады. Сатып алушы сайтта тіркелу немесе өтінішті толтыру кезінде өзінің жеке мәліметтерін бере отырып, өз әрекетімен пайдаланушы келісімін атқару мақсатында өзінің жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін береді. Интернет-дүкен Сатып алушы туралы ақпаратты интернет-дүкеннің қызметін орындау (тапсырыстың орындалғаны туралы Сатып алушыға хабарлама жіберу және т.б.) және осы Келісімшарт офертасында көрсетілген жағдайлар үшін ғана қолданады.

3.4. Сатып алушы тауарды кәсіпкерлік әрекетке қатысы жоқ тек қана жеке, отбасылық, тұрмыстық қажеттіліктері үшін сатып алады. Тауарды қарау және таңдау, сондай-ақ, тапсырысты рәсімдеу үшін интернет-дүкеннің ресурсын пайдалану Сатып алушы үшін өтеусіз болып табылады.

4.ОФЕРТАНЫҢ МӘНІ

4.1. Сатып алушының тапсырыстары бойынша Сатушы Сатып алушыға офертада және оның қосымшасында Сатушы бекіткен шарттар мен бағаларға сәйкес тауарды сатады.

4.2. Сатып алушы тапсырыс берген және ақысын төлеген тауарларды жеткізуді Сатушы немесе Тасымалдаушы жүзеге асырады. Сатып алушы өздігінен тауарды Сатушының қоймасынан алып кете алады (дүкен менеджерімен алдын-ала келісу арқылы өздігінен алып кете алады).

4.3. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қарым-қатынас ҚР АК 04.05.2010 N 274-IV «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңымен, сондай-ақ, оған сәйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілермен  реттеледі.  Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 маусымдағы № 346-VI заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

4.4. Жеке тұлға немесе заңды тұлға офертаның (оферта акцепті) барлық шарттарын және оған қосымшаларды Сатушы Сатып алушының тауарды Сатушы ұсынған шарттар бойынша алу ниетін білдіретін хабарламасын алғаннан кейін, толықтай және ешқандай ерекшеліксіз қабылдаған болып саналады.  Оферта акцепті жағдайында жеке тұлға Сатушымен тапсырыс берілген тауарларға сатып алу-сату келісім-шартын жасасқан болып табылады және Сатып алушы мәртебесіне ие болады.

5.САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

5.1. Сатып алушы Сатып алу-сату келісім-шартының (интернет-дүкеннің жария офертасы) шарттарына сәйкес интернет-дүкеннің сайтынан өздігінен тапсырысты рәсімдей алады.

5.2. Интернет-дүкенде тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы өзі туралы ақпаратты беруге міндетті:

– Тауарды Сатып алушының А.Ж.Т.;

– Тауарды жеткізу мекен-жайы;

– Тауарды Сатып алушының байланыс нөмірі мен электронды поштасы.

5.3. Интернет-дүкен Сатып алушы туралы мәліметті түзетпейді.

6.ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

6.1. Тауар сайтта интернет-дүкеннің жекеменшігі болып табылатын графикалық кескін-үлгі арқылы көрсетілген.

6.2. Әр графикалық кескін-үлгі мәтіндік ақпаратпен сүйемелденеді: атауы, өлшемдік қатары (қажет болса), бағасы және тауардың сипаттамасы.

6.3. Интернет-дүкенде ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатқа ие.  Суреті мен тауардың бағасы, оның бар-жоғы туралы ақпарат, болуы мүмкін түстері, тауардың құрамы Сатушының сайтында көрсетілген.

7.ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ

7.1. Сатып алушы интернет-дүкенде ұсынылған кез келген тауарға тапсырысты рәсімдеуге құқылы.

7.2. Тапсырысты сайтта өздігінен рәсімдеуге болады.

7.3. Тапсырысты рәсімдеген соң, Сатушы Сатып алушының элеткронды поштасына таңдалған тауардың атауын, өлшемін, бағасын және жалпы сомасын көрсете отырып, тапсырыстың қабылданғаны туралы ақпаратты жіберу арқылы тапсырысын растайды немесе интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушымен телефон арқылы байланысады.

7.4. Қоймада тауар болмаған жағдайда, интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушыға ол туралы хабарлауға міндетті (телефон немесе электронды пошта арқылы).

7.5. Тауар болмаған жағдайда, Сатып алушы оны басқа тауармен алмастыруға немесе тапсырысты жоюға құқылы.

7.6. Тауарды жеткізу уақыты 10 күннен аспайды және Сатушы Сатып алушының Сатушы ұсынған шарттар бойынша тауар алу ниетін білдірген хабарламаны алған соң, келесі күннен бастап есептеледі.

8.ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ

8.1. Интернет-дүкенде тауардың бағасы әрбір тауарға Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетілген.

8.2. Сайтта көрсетілген тауардың бағасын интернет-дүкен біржақты ретпен өзгертуі мүмкін, бірақ, Сатушы тапсырыс берген және ақысын төлеген тауардікі өзгертілмейді.

8.3. Тапсырыстың жалпы сомасы тауардың каталогтық құны, жеткізу құны және қабатқа көтеріп шығару құнынан тұрады.

8.4. Сатып алушыға Сатушы тарапынан тауарды алу кезінде көрсетілетін қызметтің құны интернет-дүкеннің «Төлем және Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.

9.ТАУАРДЫҢ ТӨЛЕМІ

9.1. Тауарға төлем жасау жолдары мен тәртібі «Төлем және Жеткізу» бөлімінде көрсетілген. Қажет болған жағдайда, тапсырыс берілген тауарға төлем жасау тәртібі мен шарттары бойынша Сатып алушы интернет-дүкеннің менеджерімен келіседі.

9.2. Тараптар тапсырысқа төлем жасау кезінде Қазақстан Республикасының теңгесімен есеп айырысады.

10.ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ

10.1. Тауарды жеткізу тәсілдері, тәртібі мен уақыты «Төлем және Жеткізу» бөлімінде көрсетілген.   Тауарды жеткізудің басқа шарттары бойынша Сатып алушы интернет-дүкеннің менеджерімен келіседі.

10.2. Сатып алушы тауарды қабылдау кезінде оны саны, түрі және сапасымен қабылдауға міндетті.

10.3. Тауарды алғанда Сатып алушы Сатушының өкілінің көзінше (жеткізуші) оның тауардың жөнелтпе құжатына сәйкестігін тексеріп, тауардың атауы бойынша оның санына, сапасына, толықтығына көз жеткізуі керек.

10.4. Сатып алушы немесе Өкіл тауарды қабылдау кезінде тауарды жөнелтпе қағазына қол қою арқылы тауардың сыртқы түріне және толықтығына ешқандай шағымының жоқ екенін растайды.

11.ТАУАРДЫ КЕРІ ҚАЙТАРУ

11.1. Сатып алушы ҚР «ҚР-ның тұтынушылардың құқығын қорғау» Заңында көрсетілген тәртіп пен шарттардың негізінде тауар жөнелтілгенге дейін кез келген уақытта, ал жөнелтілген соң, 14 күннің ішінде тауардан бас тартуға құқылы.

11.2. Егер тауардың тауарлық түрі (қаптамасы), тұтынушылық қасиеті, сондай-ақ, көрсетілген тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын құжаты бар болса, тиісті сападағы тауарды қайтару мүмкін. Тауармен бірге түпнұсқадағы қаптамасы мен құлақшасы болуы керек. Тауарда қолдану мен киілудің ізі болмауы керек.

11.3. Заңмен және осы Келісім-шартпен қарастырылған тауарды кері қайтару сайттағы «Тауарды кері қайтару» бөлімінде көрсетілген мекен-жай бойынша жүзеге асады.

11.4. Сатып алушыдан Сатушыға қайтарылатын тауардың жеткізу құны жеке қызмет болып табылатындықтан, өтелмейді.

11.5. Сатып алушы тиісті сападағы тауардан бас тартқан жағдайда, Сатушы қоймаға кері қайтарылған тауарды алған күннен бастап, келісім-шартқа сәйкес төленген соманы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады. Бұдан соң, ақшалай қаражаттың Сіздің банктегі шотыңызға түсу мерзімі шот ашылған банктің шарттарына байланысты жүзеге асырылады.

11.6. Ақшалай қаражатты қайтару Сатып алушы төлем жасаған дәл сол әдіспен жүзеге асырылады. Бұл пунктте көрсетілген ақшалай қаражатты қайтару тәсілін Сатушы осы келісім-шарт пен ҚР заңнамасында қарастырыоған ақшалай қаражатты қайтарудың басқа жағдайларында да пайдалана алады.

12.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

12.1. Тараптар ҚР занамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

12.2. Сатушы интернет-дүкеннен тапсырыс берілген тауарды тиісті түрде қолданбаудың салдарынан Сатып алушыға келген залалға жауап бермейді.

12.3. Тараптар еңсерілмейтін күштің әрекеті кезінде келісім-шарт бойынша міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

13.БАСҚА ШАРТТАР

13.1. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

13.2. Бұл Келісім-шарт Сатып алушының бұл офертаны акцептеген күнінен бастап күшіне еніп, Тараптар міндеттерін толық орындағанға дейін күшін жоймайды.

13.3. Осы Келісім-шарт бойынша Тараптардың міндеттерін орындау кезінде орын алған барлық дау мен қайшылықтар келіссөз арқылы шешіледі. Шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар өз мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдана алады.

13.4. Тауарлық ұсыныстарын сайтта кеңейту және қысқарту, кез келген тауарды сатып алуға қолжетімділікті реттеу, сондай-ақ, өз қалауынша кез келген тауардың сатылымын тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын интернет-дүкеннің өзіне тиесілі

14.САТУШЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ МЕН РЕКВИЗИТТЕРІ

 «KAZMEDIA HOLDING» ЖШС

Мекен-жайы: индекс 010000, Нур-Султан қаласы,

Алматы ауданы, Ж. Нәжімеденов көш., 10 үй,

БИН 121040001351,

«Қазастан Халық Банкі» АҰ,

БИК HSBKKZKX, Кбе 17,

ИИК KZ096017111000014664

Бас директор Жакипов Е.Ж.

wide choice for
every customer

first class delivery
worldwide

outstanding service
& quality

money Back
guarantee

our awards and
experience

hot sales and
savings