12Янв

Мұхтар Әуезовтің Америкада көргендері мен түйгендері

Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов 1960 жылдың 17 ақпаны мен 17 наурызы аралығында Кеңес одағы жазушылары делегациясының құрамында Америкада болғаны белгілі. Бұл сапар АҚШ пен КСРО арасындағы «Америка Құрама Штаттары мен Кеңестік Социалистік Республикалар  Одағы арасындағы мәдени, техникалық және білім беру салаларындағы алмасу туралы» келісімі негізінде жүзеге асты. Осы келісім бойынша америкалық  төрт жазушы КСРО-ға 1959 жылы келіп кетсе, кеңестік делегация 1960 жылы ақпан-наурыз айларында Америкаға барып қайтқан. Біз оқырмандарымызға қызықты болар деген оймен, М.Әуезовтің осы сапарда алған әсерлерін жазған күнделігінің кейбір тұстарынан үзінділер ұсынғанды жөн көрдік. Жазушының бұл жазбалары 2021 жылы «Мұхтар Әуезов. Америка әсерлері» деген атпен қазақ және ағылшын тілінде кітап (арнаулы шығарылым) болып шыққан. Ұсынылған материалдар осы кітаптан алынып, емлесі сақталған күйінде беріліп отыр.

18/ІІ

Вашингтон. Гостиница «Шорм», жақсы бөлме… 4-этаж (415)

19/ІІ.

Шекспир кітапханасы – дүниедегі ең үлкен кітапхана осы. Директор таныстырып тұр. Бізде программа бар. Таныстырудың, зерттей келгендердің расходын да біз өзіміз төлейміз.  ХVI-XII ғасырлар туралы Бритаиния тарихының көп дерегі де бар. Ғалымдарға көмектесеміз. Мына театр – Шекспир заманының театры. Шекспир театры осы (сахна екі этаж, шымылдықтары екен). Екі этаж сахна-балкондар үш қатар, диван орындар. Театр өзі Шекспир театрының ками… Бірақ бұнда бұрын шатыр болмаған, орындық болмаған. Люк-блоктар ұзын – артист төменге түсіп айғайлап сөйлеген, шымылдық түспейтін, 1932 ж. мына театр салынған.

Основано одним селовеком, который положил все свои средства-фоулджер, фото Лондона ХVI века – фото.

Клуб Шекспира, оригинал осында.

2) Кітаптар рукопись времен ІІІ.

3) Ш. Оқыған кітаптар.

4) Шекспир оқуға мүмкін кітаптар.

5) Елизаветаға байланысты документтер. 1572 ж. сыйлардың тізімі. Қызыл барқыт түнгі көйлек сай да бар.

6) Шекспир уақытының кітаптары Бэкон, История лит-ры Лорера.

7) Музыка (ХVI ғ.) коллекциясы көп (мұнда).

8) Мария Стюарт уақытының документтері.

9) Макет (тамаша). Шекспир заманының театры. Орындық жоқ. Бағаға қарай. Балконда, жерге отырған орындықтар.

10) Барқыт қап  Библия Елизаветанікі.

11) Шекспир портреттері  ХVIІ ғ. авторлары белгісіз.

12) Читальная қоңыр ағаш. Елизавета залы. Жасалған сол заман үлгісі.

13) Сирек кітаптар  (книгохран. мира) ғажап төрт  хранилищенің бәрі алфавитпен тұр. Төмен екі этаж бар.

а) Бірінші том Ш. 1623, 1616 өлген. Осында суреті де бар. Бар 36 асқан пьеса.

б) Макиавелли аудармасы.

в) Ранние карты, ғажап сборник карт 1616 г. Бәрі қолдан басылған. Әр қала, графстволар карталары (развалины, руины) доисторич. городище (раскопки). Соғыс суреті…

Стеллаждар өртенбейді, лифтер, рукописьтер әр ескі ғасырдан. БОльшая коллекция суфлерских экземпляров. Кейінгі дәуірлер тарихы да бар.  

****

Аудармалар.

«Мэрует» – «мотельде» тамақ іштік. Бұл (мотель) аса қызық жері «Заезжий двор»  – бірақ машинелі жолаушылар тоқтайтын жер.  Көз алдыңда машинаң, ортада бассейн (қыста ол каток). Осында бір-екі бөлме алады да тұра беріседі. Зал-ресторан тамаша. Дастархандар қызыл, қызметкер тегі негр – қасыңда тамақ қуырып жатады. Ақ қалпақпты шеф-поварлар. Асы қызық. Қабырға тақтай, кірпіш. Столда шам, майшам.

Бар қалада бар ең жайлы жағдай.

  ****

Осыдан көп уақыт қаланы араладық. Бұл жолда конгресс кітапханасы – ең үлкен жиын осында. Ұлт галереясы және толып жатқан министрліктер үйлері бірінен-бірі басым, сұлу, өзге-өзге архитектурамен жасалған. Бір көшелер тек елшіліктер көшесі. Ағылшын елшілігі өз үлгісінде.

Содан парктер аралағанда жеке меншік үйлердің нелер көркемдерін көріп келдік.

Осы жолда мұсылман мешітін көрдік. Өте көркем стильде салынған, мұнарасы биік, әдемі.

****

Сол күні Вашингтонның ішін араладық. Бұл өте жақсы қала. Бір үйі бір үйіне ұқсамайды. Машиналары да сондай. Көп бола тұра, қайталамайтындай.

Біз қазір қаланың ескі шаһар дейтін жағын араладық. «Джордж таун» дейтін бөлімі. Бұнда барлық үй ескі – бірақ сонда да аса стильный, кіші екі этажды келісті үйлер. Осында 1762 ж. салынған үй бар, соны көрсетіседі.  

Тамақ ішіп, жол жүрдік.  Вокзал біреу, бірақ аса үлкен. Осыдан мініп, Нью-Йоркке жүрдік.  Вагондар ұзын, еденде кілем, орындықтар өңшең кресло, айналмалы бір бағанда 30 ғана кресло. Бүкіл поэзда сондай. Бұл бірінші класс, ІІІ класында кресло,  бірақ қатары екіден. Ресторан, кафе-бар. Поэзд кешігіп шықты. Себебі жүруші көп, күн жұма.  Ертең сенбі. Бұнда сенбі, жексенбі бірдей демалыс күн. Нью-Йоркке барушы көп.  4 сағат жүріп, түнде жеттік. «Барбизон плац-отельге» кеп түстік. Бөлмелер кішкене, жәйлі, 18-этаждамыз.  (1803)