Ежелгі эволюция ақпаратты сақтау үшін ДНҚ-ны «ойлап тапқан». Енді ғалымдар осыған ұқсас технология біздің күннен күнге артып жатқан деректерімізді сақтаудың балама жолына айналуы мүмкін дейді.
Мәтін мен графика авторлары: Диана Маркес пен Патриша Хили
Бүгінде адамзат күн сайын шамамен 400 млрд гигабайт дерек шығарады. Олардың басым бөлігі деректерімізді магниттік таспаларға жіберіп, сақтайтын, кондиционер орнатылған қоймалардағы миллиондаған компьютер серверінен тұратын желі – бұлтта сақталады. Ол зор кеңістік пен энергия қажет етеді әрі қоршаған ортаға зиян. Магниттік таспа да бұзылуға бейім, оны қайта көшіріп, жиі жаңартып тұру керек. Мұндайда көмекке біздің генетикалық ақпаратымызды сақтайтын кішкентай молекула – ДНҚ келеді.
Ғалымдар деректерді тиімді сақтау үшін ДНҚ-ны қолдан жасайтын тәсіл ойлап тапты. Бұл тәсілдің сыры екілік кодты генетикалық кодты құрайтын химиялық негіздерге аударуда жатыр. Алдағы инновациялар орасан көлемдегі дерек қажет ететіндіктен, оны сақтау үшін орнықты әдістер керек. Жаңа шешім аз орын алады әрі мыңдаған жыл бойы сақтауы мүмкін. Сөйтіп, адамзат білімін бұрынғыдан да сенімді қорғауға мүмкіндік береді.
Бұлтты толығымен алмастыра ма? Әзірге жоқ. Қазір бұл технология негізінен сирек қолданылатын деректерді ұзақмерзімді сақтауға (мысалы, медициналық жазбалар мен мұрағаттар) қолданылады. Алайда шығын мен өңдеу уақыты азайып келеді, ал мамандар оны кең қолданысқа енгізуге жұмыс істеп жатыр. Бұл революция алдағы онжылдықта қарқын алып, дерек сақтаудың бүгінгі тәсілін түбегейлі өзгертпек.

Қадірлі оқырман, жоғарыдағы материал журналдың тамыз айындағы нөмірінен алынған. Әлемдік деңгейдегі зерттеулерді фото және инфографика, карта түріндегі көрнекі безендірулерімен оқығыңыз келсе, мына нөмірге +7 771 149 9144 хабарласып, журналымызды жаздырып алуыңызға болады немесе төмендегі «САТЫП АЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз.