Теңіз деңгейінен шамамен 3550 метр биіктікте жатқан №6 көлдің көзтартар көрінісі. Шымбұлақтан 9,5 шақырым, ал Мыңжылқы бөгетінен 600 метр қашықтықта орналасқан морена көлінде бүгінде 180 мың текше метр су бар. Ауа-райы мен уақытқа байланысты түсі сарғыштан көгілдір-жасыл түске дейін үнемі өзгеріп отыратын бұл судың қайнар көзі Мәншүк Мәмет мұздығы.
Жалпы Алматының төбесінде қырық көл бар болса, 17-сі жіті бақылауда. Соның ішінде №6 көл де бар. Өкінішке қарай климаттың өзгеруімен Іле Алатау мұздықтарының бәрі жаппай еріп жатыр. 2050 жылға қарай осынау тау қырқасындағы 1700 мұздықтың түгеліне қауіп төніп тұр.
фото: @nomadict813