Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов 1960 жылдың 17 ақпаны мен 17 наурызы аралығында Кеңес одағы жазушылары делегациясының құрамында Америкада болғаны белгілі. Бұл сапар АҚШ пен КСРО арасындағы «Америка Құрама Штаттары мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасындағы мәдени, техникалық және білім беру салаларындағы алмасу туралы» келісімі негізінде жүзеге асты. Осы келісім бойынша америкалық төрт жазушы КСРО-ға 1959 жылы келіп кетсе, кеңестік делегация 1960 жылы ақпан-наурыз айларында Америкаға барып қайтқан. Жазушының бұл жазбалары 2021 жылы «Мұхтар Әуезов. Америка әсерлері» деген атпен қазақ және ағылшын тілінде кітап (арнаулы шығарылым) болып шыққан. Төменде ұсынылған материалдар, яғни М.Әуезовтің сол сапардағы әсерлерін жазған күнделігінің кейбір тұстарынан үзінділер осы кітаптан алынған (емлесі сақталған).
20/II
Кешке.
Кейзи Альфред сыншының үйінде қонақта болдық. Жиырмадан аса адам екі бөлмеде. Үлкен бөлмесінде көп жасау жоқ. Дивандар екеу, орташа. Жерде кілем. Екінші бөлме орталау, қоңырқай. Коридор екеу – екеуі де тар. Тәуірі сырттан кірер вестиюбюль, оның төбесі әшекейлі. Өзі жылы, едені кілем… бұнда, тегі, кілем, алаша төселмеген жай жоқ. Асфуршет, жеңіл бутерброд, кішкене дәмді тоқаштар. Асты негр әйел алып жүрді – қызметкері….
…Карл Сэндберг қартқа ұшырасу
Міне, бұл шын жақсы болды. 82 жастағы ақын шал Советте болып қайтқан. Ұзын бойлы қызымен, күйеуімен бірге келді. Кітабы орысша шыққан. Щипачев соны берді, пластинка сыйлады. Қазақстан, Өзбекстанды Сэндберг көп еске алды. Выставка да есінде қалыпты.
Орыс тілінде қатты тамашалайды, дыбыс үнін, “Ага” деген күтуші әйел сөзін, үнін ұнатқанын айтады. Хрущевті қатты мақтады. Ақыл да мол, күлкі, юмор да күшті. Әзірге әлемдегі ең ірі адам дейді.
Өзінің өмір естегілерін айтты. Менің жастығым жөніндегі кітабым орысшаға қызық болар еді. Үш жасар бала күні негр әйелді мақтағанын айтады. Шойын жолда вагонның жүк қоятын жерінде тығылып жүргенін, шатырда жүргенін, одан бір көзі соқыр полицайдың шатырға қайта қуып шығарғанын айтты. Қайыршы жігіттің арық жүзді әйелден нанға май жағып беруді сұрағанын айтады. Өзі Джек Лондон сияқты – өмірі соған келеді. Менің көзіме Дж. Лондонның қартайып келген түс-қалпы көрінгендей. Дж. Лондон 42 жаста өлген. Ішкілік жеңді, көп жасағысы келмеді, әдейі уланып өтті дейді. Бұл шын дос. Нью-Йоркты кеште де көп кездік. Енді өзге ақын біреу менен бұрын айтты ма, жоқ па, онысын білмейм. Ал өзім: Бұл қала ХХ ғасырдың Манхэттен аспанына таспен жазған поэмасы дейім. Сол поэманың әрбір жолындай боп небоскребтер созылады. Америка өлеңінің жолындай (ол ұзынды-қысқалы, ұйқассыз, ақ өлеңше көбірек ұшырайды ғой). Ол үйлер бірінен-бірі биік. Әр жол болғанда, Эмпайер-Стайт Билдинг (102 этажды ең зор үй) жаңағы поэманың ең ұзын жолы тәрізденеді. Бұндай зор әлем – жалпы адамзат тарихының техникалы, ғылымды, өнерлі іздену-жеңістерінің болғын ескерткіші, мәңгіге қалатын тозбас тастан соғылған аспанға жазылған, іргесі тасқа қазылған жартас поэма дер едім. Әрине, біреулерге Нью-Йорк қатты ұнаса, көп жандарға тіпті Америка өз халқының талайына қатты ұнамайтын ең даулы қала. Мен өзіме еткен әсерін айттым.
Есіме дүниелік үлкеннен, ұлыдан, адамзат қуанарлық ұлыдан ұлылар түседі. Адамда Ленин, ғылымда ракеталарымыз, сөз өнерінде “Манас”, алып қол өнерінде Нью-Йорк деуге болады.
Ой қуатын айтқанда, Э. Хэмингуэйдің “Старик и моредегі” шалы. Бізде Коненковтың өз портреті – екеуі де шал кеудедегі жалынды жаны жап-жалпы адамзат жаны, рухы неге құдіреті жетерлік, түп жоқ қажыр-қуат, қанатты, шабытты қуат иесі екенін танытады. Бұндай жайлар: биік асқарлардың бастарындай – жолдағы қатпар-жоталардан қарлы мұз мәңгілерден көп-көп жолдағы әр саты орта таулар, сеңгірлерден аса-аса бір-біріне атой берісіп тұрған асқарлардай жайлар дер ем.
27/II
Ертеңгі ас үстінде жалпы әнгіме. Маған көп сұрақ берісті. Оқу, жазушы туралы, содан кейін осы стол басында пресс конференция басталды. М-р Беккер алдын ала сөйлеп, достық жағдайда өтсе екен деп тілек айтты. 7-8 корреспондент, біреуі әйел. (Бөлменің жарығы төбеде. Әр жерде осындай. Бұл өте ақылды іс).
Щипачев сөйледі кіріспе — быт цивилизациясы сіздерде биік, үлгі аларлық.
1) Роберт Резон — редактор газеты — ағылшын тілінде аударылдыңыздар ма?
2) Боб Маркин — газета «Колледж»: Какую подготовку получают молодые писатели?
3) Джем Уэлсон — из радио и телевид. пресс колледжа.
А «Фрезио Пи» («Пчела»): Собираются ли сов. писатели на съезды, конференции? Зарабатывающие писатели т.е. работающий писатель — кто писатель, кто нет.
Қаланы аралап келеміз. Парк — эвкалипты, инжир, пальмы (финиковые, королевские), очень большой парк. Персики цветут. Здесь графство – самый большой город между Сан-Франциско и Лос-Анжелосом. 125 тыс. км. Центр самой плодотворной долины в Америке. 100 лет назад долина была полупустыной. Қалада землетрясение болады. Бұнда канал, плотина — екі үлкен плотинадан өлке су алады.
Қаланың шеттерінен келеміз. Бұнда машинада отырып тамақ ішетін особый ресторан. Подают в машину со столиками ис-пан. стиль. Модельдер көп — бірнеше. Үйлер бір этаж, жеке-жеке отель, төбелері ағаш черепица. Ғажап көп әсем столдар (машинада отырып жазып келемін, сілкінбейді).
Тұрғын халық шетке көбірек салады. Орталық ескі стильде, көбі бүгінде кеңсе болған. Бұл қаланың үлкен көшесі, 18 этаж үй землетрясение, 8 этаж тас үй — торговый центр.
На запад. стороне города люди с низким заработкам — мексиканцы, китайцы и др. приезжие, родившиеся за границей.
Ағаш үй шосседен … екінші рет өттік. Үстінен қала көрінеді.
Красное дереводан ағаш үйлер салынған, бояусыз. Жапырақсыз үлкен ағаштар — платан. Біздін қалада кедей жоқ дейміз. Школа екеуі-екі түрлі. 4 орта мектеп (Хайсоул).
Кедейлер далада, пақта, жеміс тереді жалданып, әрқайсысының автомобилі бар. Әр адамның машинасы бар. Өкіметтен жәрдем алушылардын да бәрінің машинасы бар. Ескі автомобиль сатып алады.
Кедейлер тұратын үйлер көбі жалдама. Ол үйлер штаттыкі.
Ол үйді алу ушін табысының пәлен сомадан кем болмауы керек.
Пәтер ақы төлей алмаса, штат соц. помощь береді. Үнемі алып тұратындар да болады.
В штате Калифорния все обучение до ун-та бесплатное. Первые 12 классов никакой платы за книги, тетради, бумаги.
Контора Мэри, 4-этаже стоянки для автомашин. Графство — 100 км в длину, 30 в ширину.
Рай городских аллей, особый торговый центр, казір сұлу үйлер ауданына өтеміз.
Бұл қалада 4 телевизия станциясы. Байлығы неде? Обогатились жильцы, владельцы больших ферм, хлопкочистит. заводы.
Индустрия бар, жеңіл машина жасайды, винодельч. заводы, фруктовый консервн. Масло из хлопка (завод), производят — семена цветов, овощей и др. продаются по всей стране.
Қалада бар индустрия, біразы ауданда.
Крупные фермеры живут в городе. Но все живут там, на ферме. Большая часть с/х механизирована. Рабочих рук мало. Ручной сбор тоже немного есть — стоит машинным и ручной одинаково.
Это унив-т городок прежний. Здесь двухлетний колледж.
Здесь в субботу не учатся в школах и вузех (нет классов субботы).
В Америке в каждом штате своя система обучения. Каждый штат автономен.
…
Айтпақшы, есте болсын. Нью-Йоркте біз үйінде қонақта болған жазушы әйел аты Женуэй (Дженуэй), 6-7 романы бар.
Магазины без продавцов. Есть тележки-каталки, в них покупатель набирает все нужное и расплачивается у выхода.
Жолда инжир бақшасын көрдік. Жапырағы жоқ, күзелген, көктемді күткен, қырқылған карағандай бол тырбайып, шашрай үрпиісіп тұрған – алмадан гөрі аласа ағаш. Бұл қалада платан, кипарис те көп.
Күндіз колледжде болдык, 5 мың оқушы бар. Сенбі күн болғандыктан оқу бүгін жоқ. Студенттер жоқ. 600 студентке жатақхана бар. Көп студент машиналы 16 жысқа келген соң әр жас болуға тырысады. 700-1500 долларға 5-6 жыл ұстаған, ремонтталған автоны сатып ала береді. Машинасыз адам жоқ, сондықтан көшеде жаяу жоқ. Колледжде 12 мамандық бар. Искусство, телевизор мамандығы үшін үй театр салынып жатыр. Бір қала, бір үйден бір үй сұлу, сәнді, өзгеше стильді алаңдар, көгал, жеміс ағаштары, персик гүлдеп тұр.
Кітапхана стеллаждары қоныр сарғыш бояулы – темір, о да сәнді, кітаптар жақсы мұқабалы – өзі бір жарастық, 350 мың кітап бар… Әнгімелестік. Леонов бір заумный әңгіме (поэзия туралы бастап), сөз өрбімеді. Леоновтың поэзия математиканың күшейген заманында баяғы арифметика болып қалуы керек емес деген пікірі – сырты сұлу, шешен, тапқыр, алғыр тілмен айтылғанмен, әншейін жаңсақ, тек бір поза, фасон тәрізді… Үйткені адам нелер Эйнштейн жүйелерін тудырып, біліп тұрса да, бала боп туып-өсуден ешқайда кетпейді. Бәрі бір ауа, ұйқы, ас ішу қалады. Ол ғана емес, табиғатты сүю, аталық, аналық, достық, махаббат, өлім, қиял, сағыныш болады. Бұның бәрі логарифм тілімен, математика, химия формуласымен, математика выкладкасына баяндалмайды. Ән де ән болмай, көмейге орнаған репродуктормен айтылмайды. Ол да бір урбанистич. культура, телеграф тілі дейтін декаденстың, футуризмнің әуенінің бірі.
Кешке армян рестораны «Иранда» конақ болдық (лаваш-шиш кебаб жедік). Одан кызық киноға Леонов екеуміз бардық. Машинамен аулаға кіріп машина ішінде отырып кино көрдік. Жүздеген үнсіз машина тұр. Әр машина ішіне репродуктор кіргізіп береді.
Сондықтан кино корасы үнсіз, әр машина ішінде ғана дыбыс бар. Көп жерде осындай кино бар дейді. Орын мол керек болғандықтан, қаланың шетірек жеріне салады екен. Көбінше үлкен қалаларңа баратын, көп жүргінші жүретін жолдарда болады. Машиналарға кішкене баласын ұйықтатып қойып келіп қарап тұратындар да болады.
Бұл қалада машина ғажап көп. Орталықты кеңсеге берген де, сауданы, магазиндерді шетке шығарган. Әйтпесе машиналар қала ортасына сыймас еді, тұрар жер болмас еді. Қазір базар тұсындағы машиналарда сан жоқ, сығылысып жапырлай тұр. Көп магазинге келгендер машиналары.
Түнде бір топ қалын, мол машиналардың төбе жағында көп түсті кішкене флажоктар тұрғанын көрдік. Ол осы машиналар (ұсталған машиналар) сатылады деген белгі.
Бұған дейін жариялаған үзінділерді мына сілтемеден оқи аласыз: Мұхтар Әуезовтің Америкада көргендері мен түйгендері — nationalgeographic.kz