26Июл

Браконьер ізіне түсу…

Иттер
Крюгер ұлттық паркі. Дайындық кезінде тазылардан қашқан жаттықтырушының ағашқа шығып алғандағысы.

 

Техастың тазылары Оңтүстік Африканың браконьерлікке қарсы күресіне төңкеріс әкелді. Кей есеп бойынша, соңғы онжылдықта Крюгер ұлттық паркінің аумағында 4000 мүйіз­тұмсық өлтірілген. Олардың қаншасы қалғанын дөп басып ешкім айта алмайды. Десе де, 5-9 мың арасында деген пікір бар. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың мамырынан бері техастық фермер Джо Браманның өсірген тазы иттері паркте тұмсықтылардың заңсыз атылуын 24 пайызға қысқартып, браконьерлердің тұтқындалуын 54 пайызға арттыруға атсалысқан.

Елдің Жабайы тіршілік колледжінің қызметкерлері парк аумағында қаңғыбас иттерді сынап көруге құлшыныс білдірген соң тазы иттерді асыраумен айналысатын штаттан тыс полицей Браман үн қатып, өз төбеттерін ОА-ға жөнелтуге келісімін береді. Шынайы операция кезінде GPS қарғыбауын тағып, браконьерлердің соңына түскен төбеттер артынан парк қарауылы мен тікұшақты ертіп жүреді. «Ит шапса ойлануға уақытыңыз болмайды, көбісі қаруын тастап, ағашқа өрмелей бастайды», – дейді Браман.

 

Авторы: Пол Стейн