22Апр

Керқұлан

Қазақтар «керқұлан» дейтін жабайы жылқы. Ертеректе бұл жануар Іле Алатауының аумағында, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығында және Ертіс өңірінде тіршілік еткені туралы тарихи деректер бар. Қытай жерінің Шығыс аймақтары мен Алтай тауларының Моңғолияға қарайтын бөлігін де жайлаған. Кезінде ғылымға зерттеуші-географ Н.Пржевальскийдің есімімен енгендіктен, солай аталып кеткен. Өткен ғасырда түрлі себептерге байланысты табиғи аумағынан жойылып кеткен бұл жануар Еуропа мен Азиядағы кейбір елдердің зообақтары мен табиғи қорықтарында ғана сақталып қалған. Қалпына келтіру жұмыстары да сол тұқымдардың негізінде жүргізілген. Қазір осы жылқыларды еліміздің «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағынан көруге болады.

Фото: Ерболат Шадрахов