13Ноя

Тазы мен төбет – қазақтың қазынасы

Кеше Алматы облысында ел тарихында тұңғыш рет қазақтың тазы және төбет иттерінің ең ауқымды көрмесі өтті. Көрмеге мұрындық болған – «Жеті қазына» тазы мен төбет өсірушілер қауымдастығы.

«Бұл қауымдастықтың құрылтайшысы – «Шопан ата» агро-қозғалысы. Тазысыз, төбетсіз мал өспейтінін білесіздер. Ал біздің қауымдастық малшылардың мүддесін қорғайды. Сол үшін «Жеті қазынаның»құрылуына қолымыздан келгенше атсалысып, заңнамалық, ақпараттық қолдау көрсетіп жатырмыз», дейді агроқозғалыс басшысы Алмасбек Садырбай.

Көрмеге Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл облыстарынан және Ресейден қонақтар келіп қатысқан.

 Оның айтуынша, Президент тапсырмасының аясында ұлттық құндылығымыз тазы мен төбетті насихаттау әрі қарай да жалғасын табады.  «Түпкі мақсат – қазақ тазысы мен төбетін брендке айналдыру», деп атап өткен А.Садырбай тазы мен төбетті дәріптеуге арналған келесі ісшараны  Астанада ұйымдастыруға ниетті екендіктерін айтты.