Шамамен 4500 жыл бұрын – Неолит дәуірінің соңғы күндерінде Ұлыбританияның оңтүстігінде ауаны әлдебір айрықша нәрсе кернеп тұрды

Шамамен 4500 жыл бұрын – Неолит дәуірінің соңғы күндерінде Ұлыбританияның оңтүстігінде ауаны әлдебір айрықша нәрсе кернеп тұрды
Таяуда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген ғылыми-археологиялық экспедициясының нәтижесінде Монғолияның Архангай аймағы, Номғон жазығында Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазу табылғаны мәлім. Бұл туралы түгел Түркі жұртына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі сүйіншілеген еді. Бүгін сол жаңалықтың жай-жапсарын Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Дархан Қыдырәлі және археологиялық экспедиция мүшелері, академияның ғылыми қызметкері Нәпіл Базылхан, Моңғолия Ғылым академиясы Археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі Алтангэрэлийн Энхтөр кеңінен таныстырды.
«Бүгінгі үлкен жаңалық – Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі ІІ Түрік қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешені табылды. Бұл – барша түркі әлемі және көшпелі жұрт үшін маңызды оқиға. Аталған жаңалыққа түркі халықтары бірлесе атқарған жүйелі жұмыстың нәтижесінде жетіп отырмыз. Бұл жұмыс жалғасын табады. Себебі, біз бір ғана кешенді ашып отырмыз, осындай әлі 9 кешен бар. Яғни біраз жылға жететін жұмыс бар. II Түркі қағанатының негізін қалаған Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылуын түркі халқының алғашқы паспорты деуге болады», деді Дархан Қыдырәлі.
Аталған кешенге қысқаша тоқталсақ, жалпы аумағы 49х41,5 м жерді алып жатыр. Батыстан шығысқа қарай сопақша болып созыла орналасқан кешенді айналдыра қоршап ор қазып, одан шыққан топырақты үйіп қамал жасаған.
Кешеннің батыс жағында ортасында ойығы бар текше тас (альтар), адамның тас мүсіндері, қасында екі күшігі бар арыстан мүсіні және екі қой мүсіні орналасқан. Кешеннің қақпасынан шығысқа қарай 51 балбал тас тізіле орналасқан. Олардың ішінде бес балбалдан Ашина әулетіне тиесілі «таутеке» таңбасы анықталған.
Сонымен қатар кешенде барықтың (табыну орны) болғанын айқындайтын қыш жабындылар мен жаяу жүргінші жолына төселген кірпіштердің қалдықтары қазылып алынған.
Барықтың алдынан еңселі жазба ескерткіштің жоғарғы бөлігі мен тасбақа тұғыры табылды. Табылған құнды олжаның екі бетінде 12 жолдан тұратын көне түрік бітік жазуы, ал үшінші қырында көне соғды жазуы қашалған. Экспедицияға қатысушы ғалымдар ескерткіш мәтінінен “Тәңір”, “түрк”, “Құтлық”, “түмен” секілді бірқатар сөздерді анықтады. Жазба мәтінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасалып отыр. Бұған қоса, бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші саналады.
Айта кету керек, Номғон жазығындағы зерттеу жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Алайда «Covid-19» пандемиясы салдарынан екі жыл бойы тоқтап қалған «Номгон» бірлескен экспедициясы 2022 жылдың шілде айында қазба жұмыстарын қайта жалғастырды.
«Номгон-2022» бірлескен экспедицияның құрамында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, белгілі түрколог Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев, Моңғолия ҒА Археология институты Археологиялық зерттеу орталығының директоры, академик Дамдинсүрэнгийн Цэвээндорж (1949-2022), Моңғолия ҒА Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекішісі Алтангэрэлийн Энхтөр, археологтар Цэрэнхандын Буянхишиг, Гончигийн Батболд және Нарантуяагийн Цэнгэл, Мөнхсайханы Ууганбаяр археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысты.
«Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Себебі бұдан басқа осындай әлі 9 кешен бар. Бұл жұмыстар тағы бірнеше жыл бойы жүргізіледі. Бұл үлкен кешенді түріктің тасқа басылған алғашқы паспорты деуге болады. Өйткені түркі атауы бірінші рет осы түрік жазбасы мен Құтлық қаған жазбасында кездесіп отыр. Бұл әлемде үлкен жаңалық ретінде қабылданды және Күлтегін, Білге қаған жазбаларынан кейінгі түркология, түркітанудағы үлкен жетістік ретінде бағаланып отыр. Тағы бір ерекшелігі – Құтлық қағанның ұрпақтары да экспедицияға қатысты. Бұрынғы жазба ескерткіштеріміз жер бетінде тұрды, олар қиратып, талқандап, бұзып кеткен жерінен қазба жұмыстары арқылы табылып, жер бетіне шығарылып отыр. Алғаш рет өз ұрпақтары оны әлемге жария етіп отыр», — дейді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі. .
Моңғолия Ғылым академиясы Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі Алтангэрэлийнп Энхтөрдің айтуынша, қазба зерттеулері барысында үлкен текше тастың (альтар) табылуы оның қағанға тиесілі екенін білдіреді.
«Биылғы бірлескен экспедиция нәтижелі болды. Мұндай тастың Моңғолияда 3 данасы бар. Біріншісі — Білге қағанда, екіншісі — Күлтегін ғұрыптық кешенінде, үшіншісі, — осы кешенде. Тастың көлемі 2,3-2,6 артық. Ортасында 80 см шеңберлі тесік бар. Салмағы — шамамен 2,5 тонна. Бұл үнемі кешендердің батыс жағында болады. Кешеннің айналасында су арығы бар. Күн шығысқа қарай балбал тастар тізбегі бар. Зерттеулер барысында екі қошқар тас мүсіні және екі күшігі бар арыстан мүсіні табылды. Олар кешеннің ортасында орналасқан. Бұл кешеннің қағанға тиесілі екенін дәлелдейді. Тағы бір дәлелі – Күлтегін, Білге қағанның бітік тасының төбесінде Ашина таңбасы бар. Бұл кешенде бес балбалдан Ашина таңбасы анықталды. Орналасқан жердің де табиғаты ерекше», — дейді моңғолиялық ғалым.
Кешеннің Елтеріс қағанға тиесілі екенін Түркі академиясының ғылыми қызметкері, түрколог Нәпіл Базылхан да бірнеше дәлелмен нақтылап отыр. Оның айтуынша, жазба ескерткіш мәтініндегі «Тәңір», «түрк», «Құтлық», «түмен» секілді бірқатар сөз – басты айғақ. Сондай-ақ бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші саналады.
Мәтін авторы: Маржан ҚУАТ
Фотолар Д.Қыдырәлінің Фейсбуктегі парақшасынан алынды
5-7 қазан аралығындаНұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO» ХТО жаңа локациясында 16-шы Қазақстандық Халықаралық туристік «Демалыс» көрмесі өтеді. Ол өз жұмысын Astana Travel Expo 2022 — жаңа брендімен бастайды.
Алғашында Astana Leisure атауымен өткен Astana Travel Expo көрмесі өзін күзгі-қысқы туристік маусым қарсаңында маңызды салалық іс-шара әрі өзекті трендтерді талқылауға, жұмыс істеуге арналған нетворкинг ретінде танытты
Astana Travel Expo жобасы Қазақстанның елордасы үшін маңызды экспо-оқиға ғана емес. Ондағы алаңның халықаралық деңгейдегі сапасы көрмеге және көрме командасына 2019 жылы ірі халықаралықіс-шара – PATA Travel Mart операторы болуға мүмкіндік берді.
Astana Travel Expo астаналық алаңы мемлекеттік құрылымдармен, үкіметтік және бейінді ұйымдармен, елшіліктермен және консулдықтармен тікелей байланыс арналарын пайдалануға мүмкіндік беретіндігімен ерекше маңызды. Сондай-ақ көрме статистикасы да жыл сайын Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының туристік өнімдерін/қызметтерін сатудағы жетекші агенттіктері ең көп шоғырланатын, белсенді жұмыс істейтін алаңы дәл осы Astana Travel Expo (бұрынғы Astana Leisure) екенін көрсетіп отыр.
Көрменің экспоненттері туроператорлар, турагенттіктер, ірі авиакомпаниялар және қонақ үй желілері болады. Scat, Selfie Travel, KOMPAS, fun&Sun Travel туроператорлары қатысатындықтарын растады. Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Ресей және Тайланд елдерінің ірі компанияларының ұлттық және ұжымдық стендтерімен қатар, жеке экспозицияларымен де қатысуы күтілуде.
Көрмеге туризмді дамыту басқармалары арқылы еліміздің барлық облыстары қатысады, бұл қазіргі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отырған ішкі және сыртқы туризмді дамытуға септігін тигізеді.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың мәлім еткеніндей, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны 50%-дан астамға артқан. 2022 жылы Қазақстанның туристік саласына 1 трлн теңге тарту жоспарланған. Карантиндік тыйымдар жойылып, логистикалық қиындықтар еңсерілген қазіргі кезде Қазақстанды трэвел-дестинация ретінде танымал ету аса өзекті.
Бір атап өтерлігі, Astana Travel Expo іскерлік бағдарламасы құрылымдық ұйымдар мен қауымдастықтардың жаңа өнімдерін таныстыруды да қамтиды. Мысалы, сыртқы туризм саласындағы азаматтар құқығына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» сарапшылары туризм саласындағы мамандар мен туристерге жаңа ақпараттық өнімін таныстырады. Сол сияқты someplace.kz журналымен бірлесіп ұйымдастырылатын Қазақстан саяхатшылары форумы да назар аударуға тұрарлық.
Барлық қосымша ақпаратпен және қатысушылардың тізімімен толығырақ сайтта танысуға болады: www.travelexpo.kz
Көрмеге кіру билетін сайттағы «КЕЛУШІЛЕРГЕ» бөлімінде ATE22TBC01 промо-кодты теріп, алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ арқылы ала аласыз.
Бүгін – қазақ халқына, жері мен суына орасан қасірет әкелген Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылған күн.
1200 шақырымдық аламан – атты ғана емес, шабандозды да сынайтын ұлы жорық
Биылғы шілденің соңында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында «Санкт-Петербургке қош келдіңіз!» роуд-шоуы табысты аяқталды. Бұған дәлел – қазақстандық туристік компаниялар үш аптадан соң Ресейдің солтүстік астанасына саяхаттауға деген қызығушылықтың артқанын атап отыр.
Пандемияның шектеу шараларынан кейін алғаш рет жүзбе-жүз форматта өтіп отырған осы іс-шараға Алматы қаласының туризм басқармасы бастығының орынбасары Марлен Маралов және Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова қатысты.
«Санкт-Петербургтің келуі өте маңызды оқиға, мұндай салмақты делегация көптен болған жоқ. Ресейдің солтүстік астанасына туристер легі өсетінін нық сеніммен болжай беруге болады», – деп атап өтті Марлен Маралов.
Роуд-шоудың Қазақстанның туристік бизнесіне Санкт-Петербургтің дәстүрлі және жаңа туристік нысандарын, бағдарламаларын таныстыру мақсаты сәтімен орындалды. Іс-шараға қызығушылық күткендегіден де асып түсті. Алматыдағы уоркшопқа 83 туристік фирма, ал елордада 75 компания келіп, соның аясында ынтымақтастық байланыс орнатуды көздеген жүздеген кездесу өткізілді.
2022 жылдың статистикалық деректеріне қарағанда, Невадағы қалаға қазірдің өзінде Қазақстаннан 4 мыңнан аса адам барған. Бұған ел арасындағы визасыз режім де ықпал етуде.
«Алдағы саяхатына жер таңдаған турист әрдайым қаланың мәдени мұрасына, көліктік қолжетімділігіне, дамыған инфрақұрылымына және қауіпсіздік мәселесіне назар аударады. Санкт-Петербург осы өлшемнің бәріне сай келеді және туристік картада алдыңғы орындарда. Біздің негізгі міндетіміз – табысты жүзеге асырылатын туристік ұсыныстардың ұлғаюына жағдай жасау. Біз әрбір келушіге қуаныштымыз және мәдени-туристік астанамыздан қайталанбас әсер алуы үшін барлығын жасаймыз», – дейді осы іс-шараға қатысты пікір білдірген қаланың губернаторы Александр Беглов. Роуд-шоу барысында қазақстандық туроператорлар Петербургтің туристік әлеуетін жоғары бағалап, туризм саласындағы ынтымақтастық байланыстарды кеңейтуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Елімізде 45 қаланың 9-ында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары.
Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың – 489 (олардың 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктем мен күзде ұшып кетеді), бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі бар.
Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мың түрі мекендейді.
Омыртқалы жануарлардың 128 түрі мен түршелері, соның ішінде балықтардың – 18, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың-57 және сүтқоректілердің 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Сонымен қатар, омыртқасыз жануарлардың 96 түрі, оның ішінде, буылтық құрттардың – 2, моллюскалардың (жұмсақ денелілер) – 6, шаян тәрізділердің – 1, өрмекшітәрізділердің – 2, жәндіктердің – 85 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.
Сүтқоректілердің 34 және құстардың 59 түрі аң аулау объектілері болып табылады.
Мәліметтер Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті сайтынан алынды.
30 сағат бойы арктикалық қасқырлар үйірімен жалғыз қалған тілшімізге Тундра тағысы ұялатқан сезім…
Халқы онсыз қайтіп өмір сүреміз деп алаңдаса да, …