Туристік нысандар
1Июн

Мангистау – удивительная земля, одаренная бескрайними степями, скалистыми плато, каньонами и являющаяся родиной разнообразной дикой природы. Она не поддаётся сравнению с любым другим местом в мире, когда речь идёт о её уникальных локациях.

Пейзажи Мангистау, геологические чудеса и исторические достопримечательности делают его волшебным местом для исследований и открытий. От величия его природных чудес до богатства его культурного наследия, эта земля приглашает путешественников погрузиться в ее великолепие.

Наша миссия – познакомить мир с этим кладезем страны, с ее уникальным характером и изобилием природной красоты. Через наши статьи мы стремимся поделиться захватывающими пейзажами и очарованием Мангистау, начиная с нашей первой статьи о Тузбаире.

Фото: Фархат Кабдыкаиров

Тузбаир

Хотите прогуляться по поверхности озера? Услышав этот вопрос, любой человек будет в недоумении. Но если вы знаете о Тузбаире или прочитаете информацию о нем, вы поймете смысл нашего вопроса.

По мнению ученых, сегодняшняя Мангистауская область когда-то была дном океана Тетис, расположенного между суперконтинентами Лавразия и Гондвана, примерно 250 миллионов лет назад. Об этом свидетельствуют скелеты акул и их зубы, которые инонда находят в этой долине. Со временем, когда вода отступила, сочетание ветра и дождя сформировало ландшафт, создав красивые скульптурные меловые скалы, утесы и впадины. Считается, что Сор Тузбаир, наряду с плато, ущельями и оврагами, образовался в результате эрозии более мягких пород.

По сведениям К. Тигенова, проводника экспедиции полковника Ф. Берга в Среднюю Азию в 1825 г., канал Амударьи проходил по древнему руслу реки Узбай, ограничивал Южное плато и впадал в Каспийское море через Тузбаир.

Фото: Ерболат Шадрахов

Хотя сегодня в Тузбаире отсутствуют морские существа, здесь встречаются представители флоры и фауны, характерные для пустынных регионов. В этих местах растут эндемичные виды растений, такие как ежовник солончаковый, солянка рихтера, астрагал устюртский, а также редкие растения, включая саксаул черный и туркменский парнолистник. Среди животных, которые обитают здесь, можно встретить степного орла, беркута, сокола, чернобрюхого рябка, манула, сову, сайгака, джейрана и черного ежа.

Сор Тузбаир находится в 250 километрах от Актау. Большая часть маршрута проходит по шоссе. Если вы не планируете спускаться к Сору, а хотите просто насладиться живописными видами Тузбаира сверху, то в качестве транспортного средства можете выбрать любой кроссовер. На 243-м километре нужно съехать с трассы Актау-Бейнеу и по выровненной грунтовой дороге выйти на западный гребень Устюрта по дальней стороне обрыва. Если вы стоите на скалах и смотрите вдаль, перед вашим взором разворачивается завораживающая симфония трех цветов, настоящий шедевр, созданный самой природой. Белые облака изящно сливаются с просторами белого солончака, а голубое небо и почва орехового цвета дополняют эту очаровательную палитру. Трещины, скалы и овраги окружают вас, создавая неровный гобелен. Здесь время словно останавливается, и лишь движение облаков на поверхности озера и сухой ветер оживляют эту сцену. Истинный художник Тузбаира — ветер, скульптор, который плетет замысловатые узоры на чистых белых скалах, создавая несравненное зрелище.

Фото: Фархат Кабдыкаиров

Вид на соленое озеро, которое находится в 10 километрах к югу от исторического холма Маната, постоянно меняется вместе с сезонами и ходом времени. В ярком дневном свете солончак ослепительно отражает сияние солнца, а в сумерках превращается в холст, погруженный в теплые оттенки заходящего солнца, окрашивая окрестности в прекрасные оттенки красного. В дождливые дни просторное шестикилометровое поле превращается в нетронутое зеркало, а под палящим солнцем снова превращается в бескрайнюю гладь из белой соли. Летом поверхность озера высыхает, позволяя ходить по ней, как уже упоминалось ранее. Однако будьте осторожны, так как, хотя поверхность твердая, под ним может быть болото. Поэтому лучше всего для хрупкой природы и для вас просто любоваться этим прекрасным пейзажем степи, не оставляя следы на поверхности озера.

Поездку в Устюрт и Тузбаир следует запланировать на вторую половину апреля и май. В этот период поле зеленеет, а погода прохладная и бодрящая. Летом температура воздуха поднимается до +45 градусов. Осень, когда спадает жара, также является хорошим сезоном для путешествий. Однако полевые краски могут быть не такими насыщенными, как весной.

1Июн

Маңғыстаудың туристік нысандарымен таныс болыңыз

Қыдыр қонып, бақ дарыған, абыздар мен әулиелердің отаны болған маңғаз мекен, маң дала  – киелі Маңғыстаудың қойнауы ғажапқа толы. Оның бар қазақ қастер тұтқан әулиелі орындарын айтпағанда, әлемнің ешбір жеріне ұқсамайтын тылсым дүниедей ғажайып келбеті, жұмбақ сырға толы қайталанбас пейзажы көрген жанға айрықша әсер беріп, қиялын қияға жетелейді, тамсандырады, ойландырады. Қай мекенін алсаңыз да отандық һәм шетелдік туристер үшін тартымды. Сондықтан біз қасиет тұнған осынау қазыналы өлкені әлемге кеңірек таныта түсуді мақсат тұтып, арнаулы айдарымызда айшықты нысандарын кезек-кезегімен жариялап тұруды жөн көріп отырмыз. Алғашқы материалымыз Тұзбайыр туралы.

Тұзбайыр

Көл бетінде жаяу серуендегіңіз келе ме? Бұл сұраққа жауап берерде кез келген жанның тосылып қалары анық. Бірақ Тұзбайыр туралы толығырақ оқысаңыз бұл сұрағымыздың төркінін түсінесіз.

Ғалымдардың айтуынша, 250 миллион жыл бұрын бүгінгі Маңғыстау Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының табаны болған. Бұған осы алқапта ара-тұра табылып жататын акулалардың қаңқасы мен тістері дәлел. Кейін тартылып қалған судың орнында жел мен жаңбыр мүжіп, мінсіз мүсіндеген борлы жартастар, құздар мен ойпаттар түзілді. Жұмсақ жыныстар шайылып үстірт, шатқалдар және жыралармен бірге Тұзбайыр соры да пайда болған деседі.

Полковник Ф.Бергтің 1825 жылғы Орталық Азияға жасаған экспедициясының жолбасшысы болған Қ.Тигеновтің берген дерегіне қарағанда, Әмудария арнасы ежелгі Үзбай (Өзбай) өзені арнасымен келіп, Оңтүстік Үстіртті жиектеп отырып, Тұзбайыр арқылы Каспийге құйған.

Бүгінде Тұзбайырда теңіз тіршілігінің тынысы білінбегенімен, шөлді аймаққа тән флора мен фауна өкілдері кездеседі. Мұнда өсімдіктердің эндемик түрлері: сортаң бұйырғын, рихтер сораңы, Үстірт астрагалы, сеңгірлексондай-ақ сирек өсімдіктер: қара сексеуіл, түрікмен түйетабаны өседі. Ал жан-жануарлардан дала қыраны, бүркіт, сұңқар, қарабауыр бұлдырық, жапалақ, сабаншы, ақбөкен, қарақұйрық, қара кірпі мекен етеді.

Тұзбайыр соры Ақтаудан 250 шақырым қашықта орналасқан. Бағдардың басым бөлігі тасжолмен өтеді. Егер сорға қарай төменге түсуді жоспарламай, Тұзбайырдың көркем көріністерін жоғарыдан ғана тамашаламақ болсаңыз, көлік ретінде кез келген кроссоверді таңдауға болады. 243-ші шақырымда Ақтау–Бейнеу тасжолынан түсіп, тегістелген қара жолмен құздың қиырына Үстірттің батыс сілеміне жетуіңіз керек. Осы жерден құз-жартастың үстінде тұрып, қиырға көз салсаңыз, табиғат тамаша үндестірген үш түстің – бура бұлттар мен ақ сордың көк аспан мен сарышағыл топырақпен үйлесіміне куә боласыз. Айнала жарықтар, жартастар мен жыралар. Мұнда көл бетіндегі бұлт көші мен аңызақ желден өзге тіршілік сипаты жоқ секілденеді. Уақыт тоқтап қалғандай. Ақ жартастарға түрлі өрнек салып, оларды мүсіндеген жел – бұл мекеннің басты суретшісі.

Маната тарихи дөңінен оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде жатқан сортаң көлдің көрінісі мезгіл мен маусымға байланысты әртүрлі көрінеді. Күндіз көз шағылыстырар ақ сор кешке батып бара жатқан күннің шапағына шомылып, айналаны қызыл түске бояйды. Алдыңда ақ күмістей жарқырап жататын алты шақырымдық алаңқай жаңбырлы күндері айнадай мөлдір көлге, ал жер танабы қуырылған аптапты ыстық мезгілде аппақ тұзды аумаққа айналады. Жазда оның беткі қабаты айтарлықтай қатты болғандықтан, әлгінде айтқанымыздай көл бетінде жаяу жүре аласыз. Бірақ абайлағаныңыз жөн, беті сыр бермегенімен, астыңғы қабаты түбіне тартатын сор-балшық болуы мүмкін. Сондықтан, маң даланың осы бір ғажайып пейзажында із қалдырмай, жағасынан-ақ көз сүйінткеніңіз нәзік табиғат үшін де, өзіңіз үшін ең дұрысы болар.  

Үстірт пен Тұзбайыр сапарын сәуірдің екінші жартысы мен мамыр айларына жоспарлаған жөн. Бұл кезеңде дала көгеріп, күн райы жанға жайлы қоңыр салқын болып тұрады. Жаздыгүні ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Күн қызуы қайтатын күз мезгілі де саяхатқа қолайлы маусым. Әйтсе де дала бояулары көктемдегідей қанық болмауы мүмкін.

Фото: Фархат Қабдықайыров