14Мау

Арал тағдыры – адам тағдыры

 

Former Aral Sea, now salt. On the road from Aralsk to Jambul.

Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан теңіздің арнасы мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналған.

Арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. Ол қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жатыр. Бірақ бүгінгі күні оның тартылып бара жатқандығы бізге сабақ болуы тиіс.

Ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді Юсуп Камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – Ерте ме, кеш пе, ақыр­заман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.

Төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. Бұл ара кезінде Арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. Бұл дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол бір кездері балық консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая дамыған орын еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. Ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.

 

Арал қаласының өлкетану музейіне қойылған, 1980 жылдары құрып кеткен теңіз жәндіктерінің бірі – ақтабан балық. Қазақстандағы тоған қазір қайта балыққа толды. Ал Өзбекстанда тек асшаян ғана қалды.

Камаловтың мені мұнда алып келгендегі мақсаты кезінде аста-төк болып жатқан теңіздің қазіргі жағдайын көрсету еді. Оның жасы 64-те, Өзбекстан Ғылым академиясында жел энергиясы мәселесі жөніндегі аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Ол, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау белсендісі, Әмудария мен Арал теңізін қорғау жөніндегі ұйымның төрағасы. Ірі денелі, қалың ақ шашты Камалов белгілі отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Кеңес Одағы жылдары белгілі тарихшы болса, атасы жартылай автономия болып келетін Қарақалпақстанның Өзбек КСР-і құрамына енген 1930 жылдарда елдің соңғы ханы болған.

Камаловтың елінде әлі күнге дейін бірде-бір жел электр станциясы болмаса да, оның өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артпаса кеміген жоқ. Желге деген қызығушылығының арқасында ол екі бірдей дельтаплан жасап, ауа толқынын зерттеу мақсатында биік төбе басынан ұшуды әдетке айналдырды.

«Жел жайлы құс не білсе, соның барлығын менің де білгім келеді», – дейді ол. Оған қоршаған ортаға қатыстының бәрі қызық, сондықтан да ол уақытын маған бөле отырып, бір кездері кемерін соққылаған ғаламат үлкен су қоймасынан қазір не қалғандығын, нақты айтсақ, қаншалықты су қалғандығын көрсетуге тырысты.

 

A morning in Kazan Ketken (means drowned pot). The village was named this because when there was formerly a big lake here, someone dropped their pot in the lake and it disappeared, drowned.

Өзбекстанның Қазанкеткен кентінде бір адам қара ағашты кесіп жатыр. Мұндай құрғақшылыққа төзімді ағаштар кезінде Әмудария мен Сырдариядан мақта фермаларына су жеткізген, бірақ қазір құрғап жатқан арықтардың жағасында әлі де бар.

АРАЛ ТЕҢІЗІ Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Жылдар бойы екі үлкен өзен – Әмудария мен Сырдария осы теңіздің шанағын толтырып тұратын. Теңізден сыртқа еш өзен ағып шықпайтындықтан, оның деңгейі буланудың арқасында ғана өз тепе-теңдігін сақтап отырды.

Ескендір Зұлқарнайын біздің дәуірімізге дейін­гі төртінші ғасырда осы аумақты жаулап алған кездің өзінде-ақ бұл өзендер Орталық Азияға өмір нәрін сыйлап тұрғаны белгілі. Ғасырлар бойы Арал теңізі мен осы маңдағы өзендер Қытайды Еуропаға жалғап жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы елдімекендер үшін күнкөріс көзі болып келді. Бұл жерді мекен еткен қазақ, өзбек, тәжік және басқа да ұлт өкілдері фермерлікпен айналысып, балықшылық кәсібін, мал шаруашылығын, сауда-саттықты және қол өнерді өркендетті.

 

Monument commemorating the Aral Sea at the fishing port in Moynaq, formerly on the southern shore of the Aral Sea in Uzbekistan.

Бұл қайықтардың әрқайсысын жыл сайын мыңдаған тонна балық аулау үшін қолданған еді. Арал теңізі тартылған 1980 жылдардан бері Өзбекстанның Мойнақ портындағы кемелер күн астында тот басып жатыр.

Өзбек КСР-і 1920 жылы Кеңес одағының құрамына кіріп, Сталин Орталық Азия республикаларын ірі мақта плантациясына айналдыру жайлы шешім қабылдағаннан кейін жағдай күрт өзгерді. Бұл жердің құрғақ климаты суды көп қажет ететін мұндай дақыл үшін аса қолайлы емес еді. Осыған байланысты, кеңестік басшылар сол кездің тарихы үшін ең үлкен жоба болып келетін инженерлік құрылыс­ты іске қосып, Әмудария мен Сырдариядан шөл далаға су тарту үшін қолмен мыңдаған шақырымға созылып жатқан арық қаздырады.

«1960 жылға дейін аталмыш жүйе тұрақты жұмыс істеп тұрды», – деді Филип Миклин телефон соққанымда. Батыс Мичиган университетінің география пәнінің оқытушысы, профессор Миклин бұрынғы Кеңес Одағындағы суды басқару мәселесін зерттеумен айналысады. Ол 1980 жылдан бастап Орталық Азияға 25 рет барып қайтқан еді. Осы жылдар ішінде ол Арал теңізінің тартылып бара жатқандығын өз көзімен көрді. «1960 жылдары су арықтары көбейе түсті, ал бұл жағдайды одан ары ушықтырып жіберді, – деп сөзін жалғастырды ол, – алайда жүйе тығырыққа тірелді. Кеңестік басшылар өздерінің не істеп жатқандығын жақсы білгенімен, бұл істерінің қандай экологиялық апатқа алып келетіндігін, яғни теңіз суының қаншалықты тез тартылатындығын жете түсінбеген еді».

 

Tastubek fishing village on the north aral sea. Kadyrbai and Zauresh, who we stayed with +77243342002. our driver: Samalbek +7 72433 23636 or +7 701 262 7805. The fishermen gather on the shore to remove the fish from the nets and put them in bags that are weighed. In the 90s, flounder were introduced to the sea through a Danish funded project. They were the only fish that could survive in the salty water at the time but it was hard to convince people to buy and eat them since they look weird, with two eyes on one side and a slimy green color. Danish helped bring boats and nets and fishing back here because at the time there was nothing left. Now sudak (pike) survives here and that fetches the best price. One boat can catch about 4 bags of good fish in a day for an avg of 100,000 tenge in the good season. they divide the earnings among all the men, with the boat owner getting more.

Қазақстандық балықшылар Арал теңізінің солтүстігіндегі Тастүбек ауылында (жоғарыда) балыққа шығуға дайындалуда. Бөгеттің арқасында мұнда әлі де балық аулауға болады. Алайда Өзбекстанның Құбыла-үстірт ауылының бұрынғы балықшылары қазіргі кезде рұқсат қағаздары болған жағдайда ғана суы әбден тартылып біткен теңізден балық аулап, күнін көре алады (жоғарыда, оң жақта).

1987 жылға қарай Арал суының деңгейі күрт төмендеп кетті, одан екі сутоғаны пайда болды: Қазақстанға қарайтын солтүстік теңіз және Қарақалпақстандағы аумағы жағынан үлкенірек оңтүстік теңіз. 2002 жылы оңтүстік теңіз деңгейінің төмендегені соншалық, ол тағы да шығыс және батыс теңіздерге бөлініп кетті. Өткен шілде айында шығыс теңіз мүлдем тартылды.

Жүрегіңе қаяу салатын осы бір қасірет дастанының көңіл жұбатарлық тұсы – Қазақстанға қарас­ты солтүстік теңіздің қайта қалпына келе бастауы. 2005 жылы Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен қазақстандық тарап солтүстік теңіздің оңтүстік жағына 13 шақырымдық Сырдариядан бастау алатын жеке су бөгетін салды. Су бөгеті салынғаннан бері солтүстік теңіз жылдам толып, балықшылық өнеркәсібі ойлағаннан да тез орнына келді.

 

Visit to a family in Kubla Ustyurt, a village constructed during Soviet times that revolved around a gas compressor station that has since cut back its operations.

Аралды «табиғат қателігі» деп атаған Ресейдің атақты климатологы Александр Воейковқа кеңестік лауазымды тұлғалар ұдайы сілтеме жасап отыратын.

«Ең өкініштісі және Арал теңізі трагедиясындағы ең сорақысы – су арықтарының жобасын жасаған кеңестік Су министрлігіндегі лауазымды тұлғалар өздерінің Аралды құрдымға кетіріп жатқандығын жақсы білген еді», – дейді Камалов. 1920 жылдан 1960 жылдар аралығында Су министрлігіндегі лауа­зымды тұлғалар Арал теңізін «пайдасыз буландыр­ғыш», «табиғат қателігі» ретінде көрсетіп келген Ресейдің атақты климатологы Александр Воейковқа ұдайы сілтеме беріп келген болатын. Қысқасы, сол кездегі кеңестік данагөйлер дақылдар балықтан да көп пайда әкеледі деген шешімге келеді.

Мақта өсіру қазір де жалғасуда. Жыл сайын күзде 29 миллион өзбекстандықтың екі миллионға жуығы ұлттық мақта теру науқанына «өз еркімен» қатысып, үш миллион тоннадай мақта дақылын жинайды. Мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, тіптен, аға буын өкілдерінің өзі күнделікті жоспарды орындау үшін мақта алқаптарына әкелінеді.

«Елестетіп көріңізші, – дейді Камалов, Land Cruiser автокөлігінің алдыңғы орындығынан маған бұрыла қарап, – дәл осы жерде 40 жыл бұрын судың тереңдігі 30 метрге жететін».
Жүргізушіміз көліктің алдыңғы әйнегінен шөл далаға қарай қаптап келе жатқан қою қара бұлтқа назарымызды аударды. Бір минут бұрын ғана күн шайдай ашық еді, енді көліктің терезесін тез жабуыма тура келді. Бірнеше секундтың ішінде құм аралас алапат боран көлігімізді лезде басып тастады. Құм көзіме кіріп, аузыма келген ащы тұздың дәмі лоқсытып жіберді.

Құмды дауыл кеңестік жоспарлаушылардың естен шығарған экологиялық зардаптарының бірі. «Геохимиктер «теңіз құрғаған кезде хлорлы натрийдің қатты қабаты түзіледі және ешқандай тұзды дауыл болмайды» деп есептеген еді, – дейді Миклин. – Өкінішке қарай, олар қатты қателесті».
Натрий хлоридінің сыр­тында топырақ ДДТ (дуст), гексахлорциклогексан, токсафен, фозалон сияқты канцерогендік пестицидтермен ластанған. Реагенттер осылайша астық көздеріне сіңіп, тарайды.

Қазіргі таңда Қарақалпақстандағы асқазан обырымен ауыратындардың саны дүние жүзінен 25 есеге көп. Мультирезистенттік туберкулез ауруы үлкен мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар, тыныс жолдары аурулары, обыр, туа біткен және иммундық ақаулар да көптеп таралуда.

Бұлардың ішіндегі ең сорақысы, Арал теңізінің бір кездері кеңестік биологиялық қаруға құпия сынақ жүргізу полигоны болғандығы. Қазір бір тамшы да су қалмаған, арал деуге келмейтін «Возрождение» аралында орналасқан бұл сынақ полигоны кеңестік әскери микробиологиялық қаруларды тексерудің ең басты аймағы болды. Топалаң, оба, қара шешек, бруцеллез және басқа да биология­лық ауру қоздыр­ғыштарды сынау үшін мыңдаған малды осы аралға тасымалдайтын.

 

Жағдайы жақсарып келе жатқан Тастөбеліктер үйлену тойын тойлауда. Көкарал бөгетінің арқасында жарыққа қол жеткізді.Кезінде қазақ ауылын асырап тұрған балық түрлері қайта орала бастады. Дегенмен, 35 жыл бұрын балықшы кемелерін алмастырған түйе фермалары жергілікті экономиканың негізгі қозғаушы күші болып қала беруде.

Топалаң қоздырғыштарын сақтайтын тот басқан бөшкелер арам пиғылдылардың қолына түсіп кетуі мүмкін деп қауіптенген АҚШ Мемлекеттік департаменті 2002 жылы сол жерге тазалаушы отряд жібереді. Содан бері ол жерден ешқандай биология­лық қоздырғыш табылған жоқ, дегенмен, сол маңға таяу мекендерде оба ауруы ара-тұра қылаң береді.

Теңізге бара жатқан жолымызда кездесетін қаптаған мұнай және табиғи газды бұрғылау білдектерін есептемегенде, мұнда күнге әбден күйген, жап-жазық қу даладан басқа көзге ілінер ештеме жоқ. Камаловтың айтуынша, бұрғылау білдектері мұнда теңіз тартылып бара жатқан кезде пайда болды және жыл сайын олардың саны арта түсті.

Төрт сағат бойы біз жыра-жыра болып ойылып қалған құмды жолмен жүріп келеміз. Аппақ құм мен көк аспаннан кейін көзіме түскені әредікте бір кездесетін сексеуіл бұталары мен боз жыңғылдар.

Ақыры көкжиектен сағымданып даланың шеті көрінді, біз жақындаған сайын ұлғая түскен сағым дала бізді теңіздің жағасына тігілген бірнеше киіз үйден тұратын қытайлардың қосынына алып келді. Қытайлар мұнда Artemia parthenogenetica, яғни осы теңізде қалған бірден-бір тірі жәндік – теңіз асшаянын жинауға келіпті. Арал теңізі арнасынан асып жатқан кезде суы ащы дегенде, ондағы тұздылықтың көлемі бір литрге 10 грамнан келетін (бұл көрсеткіш әлемдік мұхиттарда бір литріне 33-37 грамм). Ал қазір, тұздылықтың көлемі бір литріне 110 грамнан асып жығылады, ол мұндағы әрбір тіршілік иесі үшін аса қауіпті деген сөз.

 

In Akbasti village there’s a hot spring which people from the village use to bathe. There’s one side for men and one for women, and an outdoor spout thats used mostly in summer. The village used to be on the shore of the Aral Sea and now its about 12km away. Some people here fish as a hobby still in spring/summer and many more people do commercial fishing under the ice in winter. In Soviet times, it was turned into a collective farm and people weren’t allowed to own many animals. Now they live of herds of camels and horses. Families take turns killing an animal and dividing the meat among each other. Each family kills one in December when the ice comes that will last through winter. Samalbek was our driver +77243323636 or +77243323734 or +77012627805

Қазақстанның Ақбасты ауылының тұрғыны қаншама жыл бойы су тартып, буландыру жұмысынан қалған су көздерінен жасалған ыстық арасанда шомылуда (жоғарыда). Ақбасты Арал теңізі жағалауының бірі болған еді. Қазір ол жағадан 11 шақырымға алыстап кетті. Өзбекстанның Мойнақ ауылы (жоғарыда, оң жақта) жайлы олай дей алмаймыз. Теңіз тартылып, топырақты ұстап тұратын өсімдік азайғалы бері мұнда боран жиі соғатын болған.

Жағалауға қарай топырақ ылғалдана түсті. Алайда Аралдың айта қоярлықтай толқыны жоқ, көзімізге теңіздің тартылып бара жатқанынан басқа ештеме түспеді.
«Не болса да, тоқтама», – деп айқайлайды шомылуға дайын Камалов, тізеден келетін сусымалы құмды кешіп келе жатып. Су тіземе жеткенге дейін мен оған еріп отырдым. Суға жүзгім келеді, бірақ аяғым қалқып су бетіне шыға беретіндіктен, қозғай алмаймын. «Жай ғана арқаңмен жатсаңшы», – дейді тағы Камалов. Мен оның айтқанын істеймін, алайда өзімді су матрасының үстінде жатқандай сезінемін. Судың тұздылығы соншалық, мен су бетінде ғана қалқып жүрмін.
Түнде биіктеу жерге қосымызды тігіп, сексеуілдің шоғына ашық отқа кешкі асымызды пісірдік. Парсы кілеміне отырып алып, көзін теңізге тіккен Камалов арағынан аз-аздап құйып қояды.

 

«Қазір дымқыл ауаның орнына улы құм құшудамыз», – дейді арақты тартып жіберген Камалов әжім басқан жүзін тыржита түсіп.

«ТЕҢІЗ АРНАСЫНАН АСЫП ЖАТҚАН КЕЗДЕ балықшылар судан ырыздығын алып, ауа да дымқылданып тұрушы еді. Қазір дымқыл ауаның орнына улы құм құшудамыз», – дейді арақты тартып жіберген Камалов әжім басқан жүзін тыржита түсіп.

«Стан» жалғауына ие бес мемлекеттің Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осы өлкедегі ең бай ресурс көзін басқару мәселесінде келіспей қалатын кездері жиі болатын. Мұндағы басты мәселе Әмудария мен Сырдария өзендерінің бірнеше мемлекеттің жерінен ағып өтетіндігі еді. Осыған байланысты әр мемлекет бұл өзендерді өз меншігіне алып қалуға тырысты. Орталық Азиядағы ұдайы су жетіспеушілік мәселесін бірлесіп шешеміз деген үмітпен аталмыш мемлекеттер 1992 жылы Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруа­шылық комиссиясын құрды. Бұл комиссия негізінен екі мәселені қарайтын болды: Суға кім ие және бұл өзендер бастау алатын мемлекеттер өзендер құятын мемлекеттер үшін ресурсты сақтап қалу мәселесіне қатысты қандай жауапкершілікке ие?

Kazakh shepherds moving their flock through the dust of the dried marshlands north to the hills.

Қарақалпақстандық шопандар ми далада малын жаюда. Өзбекстан жерді негізінен егістікке, соның ішінде мақта өсіруге жалға береді. «Егер олар жерді жекешелендіріп, онда не өсіруді фермерлердің өздеріне шешуге рұқсат берсе, – дейді Филип Миклин, – олардың суды қалай тиімді пайдаланғанын көрер едіңіз».

Арал теңізі жағдайына келер болсақ, басқа мемлекеттер Әмударияны меншіктеп алып жатқан кезде Өзбекстанның кедей өлкелерінің бірі болып келетін Қарақалпақстанның тұрғындары ол жайлы жұмған аузын аша алмады. «Географиялық жағдайды есепке алар болсақ, бұл нағыз кемсітушілік, – дейді Камалов. – Су тек Аралға тиесілі».

Мен сұхбаттасқан әрбір сарапшы Арал теңізінің Өзбекстанға қарайтын бөлігі жақын арада толады деп ойламайтындығын айтты. Бұл пікірге Камалов та мойынсұнған тәрізді.

Туған жерінің суын талан-таражға салған саясат­ты ол жек көреді. Алайда бірнеше аптадан кейін күзгі мақта жинау науқаны басталған кезде, ол соңғы 50 жыл бойы атқарып келген өзінің ұлттық қызметіне кіріседі. (2010 жылы Өзбекстан үкіметі жауып тастағанға дейін сол елдегі Human Rights Watch кеңсесін басқарған Свердловтың айтуынша, егер Камалов «өз еркімен» бұл жұмысқа ат салыспаса оны жұмыстан қуады немесе түрмеге жабады). «Еш адам назардан тыс қалмайды, – дейді Камалов, «көзің соқыр, аяғың ақсақ 90 жастағы қарт болсаң да сенің бұл жұмысқа қатысуың керек».

Камаловтың ашық айтқан ойларын жарыққа шығару қалай болар екен деп алаңдаған мен оның пікірін сұрадым. «Қарақалпақстандықтардың бәрі Ташкенттен қорқады, – деп жауап берді ол. Ташкент деп Өзбекстанның астанасын айтып отыр. – Өз басым бұдан әбден шаршадым».

 

Авторы: МАРК СИНОТ

Фото: КЭРОЛИН ДРЕЙК

 

(Мақала 2016 жылы 5 қыркүйекте жарияланған)