4Авг

Шетелдік браконьерлер Сібір таутекесін атқан

Еліміздің аумағында таутеке атып алған испандық екі азамат ұсталды. Бұл туралы Геология, экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.  Жоңғар-Алатау паркінің  мемлекеттік инспекторлары тамыздың 2-сі күні кешкі сағат 19:30 шамасында «Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікте еліміздің бір азаматы мен екі испан азаматы болған. Көлікті тінту барысында жүк салғышынан 2 Сібір таутекесінің басы терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еті, сондай-ақ шетел азаматтарына тиесілі Mannlicher, Блейзер маркалы екі қару тәркіленді.

Аталған факті бойынша іс тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілген.