13Сәу

Киік санағы

15 сәуірден бастап Қазақстан аумағындағы киіктердің санын анықтау мақсатында әуе санағы жүргізіледі.

Фото National Geographic Qazaqstan архивінен

Киіктерді санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Санақ тобы екіге бөлінген – бірі бетпақдала популяциясында, екіншісі Орал және Үстірт популяцияларында санақ жүргізіеді.

Санақ жүргізу үшін тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы санақ нәтижесі бойынша еліміздегі киік саны 1,3 млн басты құрайды.